×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандықтар бизнестегі ақпараттық жүйелерді тегін оқи алады

22.10.2021, 15:31
Қазақстандықтар бизнестегі ақпараттық жүйелерді тегін оқи алады
фото: Ашық дереккөзден

Жүзден астам талантты Қазақстан азаматы «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» (BISB) бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ZHANARTU қайырымдылық қоры КИМЭП университетімен бірлесіп ұйымдастырған «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» академиялық бағдарламасы бойынша жүзден астам студент білім алып жатыр. BISB бағдарламасы 2018 жылы бакалавриат шеңберінде басталды. Алғашқы үздік студенттерге ZHANARTU қорынан 100% грант бөлінді. Бүгін талантты жастарға Python, C++ сияқты бағдарламалау тілдері бойынша бірнеше курс, сондай-ақ шешімдерді қолдау жүйесі, бизнеске арналған зияткерлік жүйелер, цифрлық графика курсында көрнекіленген OLAP жүйелер бойынша курстар ұсынылады. Болашақта осы академиялық бағдарлама аясында деректер туралы ғылымға, үлкен деректерді талдауға, жасанды зият жүйелеріне, жүйелік қауіпсіздікке, мобильді технологиялар курстарына ерекше назар аударылмақ.

BISB оқытушыларының бірі Ұлдана Байзылдаева, BISB студенттері ең алдымен биткоин, блокчейн, UX-дизайн тақырыптарына, AI, BI, DSS жүйелеріне, бағдарламалауға және тағы басқаларға қызығушылық танытатынын атап өтті.

Бағдарламаның алғашқы түлектерінің бірі – BISB бағдарламасын 2,5 жыл ішінде оқып аяқтаған Дінмұхаммет Жолдыбай. Ол 2020 жылы індет қызған кезде Шымкент қаласы әкімдігі үшін халықты коронавирусқа қатысты жағдай туралы ақпараттандыру бойынша талдау платформасын әзірлеушілердің бірі болды. Қазір Дінмұхаммед өзін жас стартапер деп атай алады. Ол өзінің цифрлық графика студиясын құрды және жақын арада өз бизнесін халықаралық нарықта кеңейту жөніндегі жетістіктерімен бөлісуге уәде берді.

BISB бағдарламасы әлемдегі ақпараттық жүйелер мен технологиялардың дамуына қарай жетіле бермек.

«Біз көп жаңа курсты іске қосамыз», - деді BISB оқытушысы, Ph.D Ұлдана Байзылдаева.

ZHANARTU қайырымдылық қорын бизнесмен Нұрәлі Әлиев құрған. «Бизнестегі ақпараттық жүйелер бакалавры» академиялық бағдарламасы 2018 жылы ZHANARTU қорымен бірлесіп, КИМЭП университетінің базасында іске қосылды. Талантты студенттер Қордан грант алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл бойынша білім алу олардың алдында ірі қазақстандық және халықаралық компанияларға одан әрі жұмысқа орналасу тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ IT саласында өз бизнесін ашу тұрғысынан да үлкен перспективалар ашады.