×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Сөзіңе жауап бер». Киногер Дәулет Мұқаевты сотқа бере ме?

22.01.2024, 12:44
коллаж ulysmedia.kz

Ақпарат айдынында күні кешеге дейін қызу талқыланып, қоғам назарын аударған тақырыптың бірі кино еді. Парламент қабырғасындағы талқылаудан кейін бұл тақырып «суыған» шығар десек, біреу тағы отқа май құйғандай болды.  «Время патриотов» фильмінің продюсері Акбар Құрманбаев депутатқа «сөзіңе жауап бер» деп, талап етті. Ulysmedia.kz отандық кинематографияның қыр-сырына қанық азаматқа арнайы материал дайындауды тапсырған. Осы мақаланың авторы фильмдердің қалай түсірілетінін өз көзімен көрген, бірнеше фильмнің эпизодтарында ойнаған адам.

Киноға бөлінген ақша

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын фильмдердің сапасына көңілі толмайтынын айтты.

              Мәжілісмен отандық киноөндірісті қаржыландыру қаншалықты орынды деп сауал қойған. Айтуынша, бұл салаға қомақты бюджеттік қаражат жұмсалғанына қарамастан, оның тиімділігі әлі күнге көңіл көншітпейді.

              – Ұлттық киноны қолдау орталығы түсірген фильмдер қоғамда еш реакциясыз өтіп жатыр, яғни кино саласына жұмсалған мемлекет қаржысының басым бөлігі өзара бөлініске түсетін сияқты. Расында, мемлекет қазынасының миллиондаған теңгесін ысырап етудеміз», – деп баса айтты.

              Депутат соңғы төрт жылда отандық 100 фильмді түсіруге 23 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінгенін алға тартып, сөзіне дәлел ретінде бірқатар мәлімет келтірді.  Мысалы, «Время патриотов» фильмін түсіруге 1 млрд.теңге жұмсалғанымен, одан 10 млн.теңге табыс түскен, ал 900 млн.теңгеге түсірілген «Боксер» фильмі прокатта бар-жоғы 25 млн.теңге табыс әкелген.

              Бюджеті 500 миллион теңгені құрайтын «Жизнь» фильмінің кассалық табысы 650 мың теңге болғанын кімнен жасырамыз? Депутаттың айтуынша, бюджеттен қаржыландырылатын фильмдердің көрермен қызығушылығын туғыза алмауы алаңдауға негіз болады. Д.Мұқаев кино жобаларды қолдауға бөлінген қаржыны тиімді пайдалану қажеттігіне назар аудара отырып, мемлекет қаржысының жұмсалуын бақылауға шақырды.

Фильмдерде шынайылық жоқ

              Ұлттық кинематографияны қолдау жөніндегі мемлекеттік орталыққа қарсы сын-пікірлердің жоғары мінберлерден айтылуы бекер емес,  мұның бәрі аталған орталықтың жұмысына көңілтолмаушылық қана емес, негізгі мақсат оны тарату сияқты көрінеді.

– Мемлекет қаржысына түсірілген фильмдер халық арасында сұранысқа ие емес, - деді  депутат Дәулет Мұқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдаған депутаттық сауалында.  

              – Мемлекеттен бөлінген қаржының көбі керек жеріне жетпей жатқан сияқты. Өйткені Ұлттық киноны қолдау орталығының фильмдері халықтың сұранысына сай келмейді. Сондықтан болар, қолдау жоқ. Біз қазынадағы миллиардтарды суға ағызып жатқандаймыз, - деді ол өз талаптарын дәлелмен келтіріп.

Бұрынғы журналист-блогер, қазіргі депутаттың айтуынша, 2019-2023 жылдар аралығында отандық жүз фильмге 23 миллиард теңгедей қаржы бөлінген.  

– Ең қызығы, мұның барлығы 100 пайыз игерілген, есебі тұр, фильм түсірілген. «Времия патриотов» фильміне 1 миллиард жұмсалса, оның кассалық түсімдері небәрі 10 миллион теңге, бұл жұмсалған соманың 1 пайызын ғана құрайды. Сондай-ақ «Боксер» фильміне 900 миллион теңге жұмсалған, бірақ кассадан түскен түсім небәрі 25 миллион теңге, - дейді Мұқаев.

– «Лето 41-го» отандық фильміне 700 миллион теңге бөлініп, 2 миллион табыс түскен, - деді Мұқаев.

Бір қызығы, бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына жаңадан басшы болып барған Құрманбек Жұмағали да осылай деген.

– Фильмдер бюджет есебінен түсірілетіндіктен, ертең міндетті түрде сұрауы болатынын ұмытпаңыздар. Сондықтан әрбір бөлінген тиынды есеппен жұмсауларыңызды сұраймын. Біз өз тарапымыздан әрбір жобаны қолдаймыз. Фильмдер сапалы болуы керек. Отандық фильмдер тек фестивальдерде ғана емес, кассада да табысты болатындай деңгейге жету керек», – деп ескертті Құрманбек Жұмағали. Алайда ол режиссерлердің бұған қалай қол жеткізетінін нақтыламады.

Продюсердің жауабы

Бұрынғы «Адал» партиясының мүшесі, қазір «Аманат» партиясының саяси кеңесінің мүшесі Дәулет Мұқаевтың отандық киноның тағдырына алаңдауы орынды. Бірақ ол бұл мәселеге біржақты қарайды. Ол әлеуметтік желідегі өзінің аккаунттарына жазылушылар санын көбейтуге тырысатын секілді. Яғни, популистік дағдыға салып отыр. Кинематографияны қолдау ұлттық орталығының қаржысына түсірілген  «Время патриотов» фильмінің продюсері Акбар Құрманбаев Facebook әлеуметтік желісінде депутатқа жауап берді.

              фото: продюсер Акбар Курманбаев, kinopoisk.ru

- Депутат Мұқаев Д.Т. фильмнің жалпы табысы 10 миллион теңгені құрайтынын, ал «Кинематографияны қолдау ұлттық орталығына түскен табыс 25 миллион теңге екенін айтты (көрсетілген сандарда сәйкессіздік бар). Депутат айтқан ақпарат шындыққа жанаспайды. 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның «Патриоттар уақыты» фильмінен түскен табысынан Кинематографияны қолдау ұлттық орталығына жіберілген аударымдар 27 493 225 теңгені құрады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар фильмдер үшін жарна прокат пен көрсетілімнен түскен табыстың 20 пайызын құрайды, – деп жазады фильм продюсері.

 Депутаттың киноға бөлінген сомалар туралы атышулы сөздерінің ар жағында құнды еңбек жатыр. Мысалы, сіз жай бір костюм тігуіңіз үшін сізге маталар, түймелер, басқа керек-жарақтар, тігін машиналары, осы машиналар орналасатын орын қажет. Және, бастысы, тігінші керек. Кинода да солай. Өндіріс басталғаннан кейін фильмнің түсірілуін қамтамасыз ету үшін жүздеген адамнан тұратын команда іске кіріседі. 

Фильм кімге арналған?

Өзім «Время патриотов» фильмін көрдім. Өйткені, қайдан екенін білмеймін, бір жерден «Топ Ган» секілді отандық фильм түсірілгені туралы жарнаманы көзім шалды. Менің ойымша, бұл бүгінгі таңда Қазақстанда экшн жанрында түсірілген жалғыз фильм. Кәсіби деңгейде, әлемдік стандарт параметрімен түсірілген (!).  Бұл компьютерлік графика, күрделі трюк және пиротехникалық жұмыстар, экспедициялар, локациялар, декорациялар,  жердегі және әуедегі шайқас көріністері бар алғашқы сахналанған фильм.

Ал, фильмнің негізгі мазмұны – Отанға деген патриоттық және мақтаныш сезімін ояту.

Пайда салықтық шегерімнен көрінбей қалады

Депутаттың мамандығы экономист екенін ескерсек, көрермен билет сатып алып, орындыққа жайғасқаннан ғана фильм табысты болмайтынын білуіміз керек.

- Айта кету керек, компанияның фильмдерді прокаттаудан және көрсетуден түсетін  табысы авторлық сыйақыға, дистрибьютор мен сату агентінің комиссияларына, кинотеатрлардың үлесіне (кино прокатшылар кассалық кірістердің 50% алады) барлық салықты шегергеннен кейін есептеледі. Бүгінгі таңда фильмнің бүкіл әлем бойынша кассалық жинақтары мен сатылымы 530 000 000 теңгеден асады, – деп жазады фильмнің продюсері Акбар Құрманбаев. 

 «Время патриотов» фильмі өткен жылдың қараша айында Бейжіңде өткен «Қазақ киносының күндері» ресми шарасында салтанатты жағдайда көрсетіліп, заманауи отандық кинематографияның мүмкіндіктерін паш етті.

Айта кетейік, 2022 жылы экшн-фильм қазақстандық фильмдер арасында ең көп таралыммен (700-ден астам) ТМД елдерінде прокатқа шықты. Қазіргі уақытта фильм бүкіл әлемде сәтті таратылуда: экшн фильм Жапонияда, Индонезияда, Тайваньда көрсетілді, сонымен қатар Қытайда, Оңтүстік Кореяда, АҚШ-та және Латын Америкасы елдерінде прокатқа дайындалуда.

Фильмдерімізге эрудиция жетіспейді

Біраз уақыт бұрын бұрынғы КВН ойыншысы, қазір президенттік телерадиокешеннің креативті директоры қызметін атқаратын Нұрлан Қоянбаев та мемлекеттің қаржысына түсірілген фильмдерге көңілі толмайтынын айтып қалды. Қоянбаев режиссерлердің шеберлігіне шүйлігіп, олардың  эрудициясын сынаған-тұғын.

  – Халықтың ақшасына фильм түсіретіндерге ақша бөлмеу керек. Оларға интеллект мен мәдениет жетіспейді», - деді Қоянбаев.

Жеңіл-желпі әзілдер

Соңғы жиырма жылдағы қазақ киносын алатын болсақ, елімізде сюжеті қайталана  беретін комедиялардан басқа ешнәрсе түсірілген жоқ. Аз ғана мелодраманы қоспағанда, әрине.

Бәлкім, біздің қоғамның белгілі бір топтарына қарапайым комедиялар ұнайтын да шығар. Комедиялардағы әлеуметтік тақырыптар мен көрерменге таныс оқиғалар олар үшін қызықты да болуы мүмкін ғой. Олар осы арқылы күйбең тірліктің машақатынан аз да болса демалып, эмоциясын шығаруды қалайтын шығар.

Нуардан артхаусқа дейін

Белгілі бір кино жанрларына қызығушылықты ояту мәдени дәстүрлер, әлеуметтік жағдайлар, тәрбие және жеке қалаулар сияқты көптеген факторларға байланысты. Бәлкім, қазақ аудиториясының арасында жеңіл комедиялардың танымал болуы күнделікті өмірде әзіл мен ойын-сауыққа деген құштарлықтан болуы мүмкін.

Иә, өзіндік қолтаңбасын қалдырған Вим Вендерс, Тони мен Ридли Скотт, Стивен Содерберг және Спилберг, Франсуа Озон, Паоло Соррентино және т.б. мықты режиссерлерді айтуға болады. Олардың нуардан ғылыми фантастикаға дейінгі өз жанрлары бар.

Патриоттық, сапалы киноны түсіну үшін қандай көрермен керек? Мұндай фильмде попкорн жеп отыра алмайсыз, езуге күлкі үйірмейтін де шығар, бұл жерде сыни ойлау, фильмнің мазмұнын, формасы мен стилін талдау және сыни тұрғыдан бағалай білу маңызды, әлеуметтік, тарихи және мәдени контексттерді қамтитын мәдени сананың болуы маңызды.

              Фильмнің жақсы болуы жанрға байланысты емес. Талғамға байланысты түрлі жанр бар. Драмадан комедияға, шытырман оқиғадан артхаусқа дейін. Көрермен көңілінен шығатын фильмдер өзіндік стильмен, жанрмен, актерлік, режиссерлік шеберлікпен-ақ ерекшеленіп тұрады.

Жалғасы бола ма?

 «Время патриотов» фильмінің продюсері  депутат Мұқаевтан сөзін қайта алуды талап етті. Егер мәжілісмен сөзін қайта алмаса, іс мұнымен бітпейтін сияқты.

Серіктес жаңалықтары