×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Инстаграмда 1,3 млн оқырманы бар жас аспаз 15 жасқа толды

Фото: ашық дереккөз

Бүгін көпке мәлім жас аспаз Дулат Тантаев есімді жасөспірім 15 жасқа толды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алда әлі де биік асулар бар

Инстаграмдағы осы 3 жыл өмірімде жақсы және кейде қиын жағдайлар болды, бірақ шыдамдылық пен өз жұмысыма деген сүйіспеншіліктің арқасында мен осының бәріне қол жеткіздім. Алда әлі де биік асулар бар. Қазір мен бақыттымын. Осы уақыт бойы мені қолдағандардың барлығына алғыс айтамын. Менің істеген ісім көп адамдарға ұнайтынына өте қуаныштымын. Сізге де сүйікті ісіңізді табуыңызға тілектеспін! – деп жазған ол Instagram парақшасында.

Жас аспаз еліміздегі ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында алғаш рет кекс әзірлегенін айтқан.

Осыдан екі-үш жыл бұрын ғаламтордан танымал аспаздардың видеоларын көре бастадым. Уақыт өте келе тамақ пісіруге деген қызығушылығым арта түсті. Ең алғаш тәтті кекс әзірлеген болатынмын. Оны дайындау барысында айтарлықтай қиындықтар болмады. Осылайша басқа да тағам түрлерін жасап үйрендім.  Қазіргі таңда аспаздық менің сүйікті ісіме айналды, - дейді Дулат Тантаев.

Ол оқу үлгерімі жақсы екенін, сондай-ақ бос уақытында футбол ойнайтынын айтқан.

«Алматыда мейрамхана ашқым келеді»

Кәсіпті бастауыма ағам көмектесті.  Отбасым мен жақындарыма жасаған тағамдарым қатты ұнағандықтан,  менің қызығушылығымды бірден қолдады. Бүгінде тапсырыс қабылдаумен қатар,  түрлі тәттілер мен тағамдардың видеорецептілерін түсіремін, – дейді жас аспаз.

Жас талант сұхбат барысында барлығына үлгеретінін жеткізген.

Оқу үлгерімім жақсы. Бос уақытымда футбол ойнап, спортпен шұғылданамын. Сондай-ақ YouTube-тен әртүрлі рецептілерді көріп, жаңа тағам түрлерінің мәзірімен танысамын.

Армансыз адам болмайды. Болашақта мықты аспаз болып, Алматы қаласында Париждегідей күшті мейрамхана ашқым келеді, – дейді Дулат Тантаев.

Талантты жас аспаз былтыр өзінің тапқан табысына анасына IPhone сатып алып берген. Сондай-ақ YouTube-арнасынан күміс және алтын батырмаларын алған. 

Серіктес жаңалықтары