×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Қазмедиа орталығы» журналистердің наразылығына жауап берді

«Қазмедиа орталығы» журналистердің наразылығына жауап берді
фото: ашық дереккөзден

Кеше Ulysmedia сайты «Журналистер Қазмедиаға қарсы петиция жазды» деген материал жариялап, ҚМО-да жұмыс істейтін әріптестерінің наразылығын жеткізген болатын. Бүгін Қазмедиа орталығы ресми түрде жауап берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

ҚМО Ulysmedia сайтында және әлеуметтік желілерінде жазылған Қазмедиа орталығына қатысты ақпаратқа келесідей жауап берді.

«Қазмедиа орталығы» атына қол қойылған петиция түскен жоқ, сондай-ақ Paparazzi кафесі медиаорталықтағы жалғыз тамақтану орны емес, одан басқа ғимаратта асхана, буфет, Media Cafe кофеханасы және Оңтүстік кіреберістегі кофехана жұмыс істейді.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, ғимаратқа негізгі кіреберіс арқылы габаритті тауарларды, атап айтқанда, азық-түлік өнімдерін одан әрі сату үшін (дүкен, қоғамдық тамақтану пунктері) әкелуге тыйым салынады. Осы қағидалар ғимаратта жұмыс істейтін қызметкерлерге қолданылмайды. Бұл ретте курьерлік қызмет жеткізген не өзімен бірге әкелінген тағамға кез келген кіру есігі арқылы жол беріледі, бірақ олар бәріне ортақ белгіленген тәртіппен тексеруден өтуі тиіс», – деп жазды ҚМО әлеуметтік желіде.

Олар ғимаратқа қарбыз бен қауын әкелуге қатысты: шектеулер жұмыс орындарындағы антисанитариялық жағдайға жол бермеуге байланысты қолданылады деді.

»Медиаорталық ғимаратына балаларды кіргізу мәселесі бойынша: бұрын бұл мәселе қаралған болатын. Мамандандырылған балалар орталығын ашу сәйкес санитарлық жағдай жасауды, жеке кіру есіктерін, жеке санитарлық тораптардың, жеке асхананың болуын және техникалық қауіпсіздік нормаларының жағдайын қамтамасыз етуді талап етеді. Ғимараттың қолданыстағы сәулет жобасында бұл шарттар көзделмеген. Бұл ретте, ерекше жағдайларда балаларды ғимаратқа ата-анасының жеке жауапкершілігімен кіргізуге жол беріледі», – деп түйіндеді орталық.