×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

«Біз қырылып қалу үшін бәрін жасап жатыр». Журналистер Қазмедиаға қарсы петиция жазды

25.10.2021, 17:25
фото: Ашық дереккөзден

Қазмедиа орталығында жұмыс істейтін журналистер орталықтың жұмысына наразы. Олар ҚМО кеңсесі адам миына қонбайтын түрлі ереже ойлап тауып, жұмысқа кедергі келтіреді деп шағымданып отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Сондай шағымдардың бірін «Хабар-24» телеарнасының журналисі Асхат Ниязов жеткізді.

«PPZ-ді жауып тастады. Қазмедиа орталығы осында жұмыс істейтіндердің пікіріне мүлдем құлақ аспайды. Біз петиция жазып, қол жинадық. 5 бет болды. Бірақ, олар құлақ аспайды. Сіздерден ешкім сұраған жоқ дегендей. Бүгін бүкіл ньюсрум жұмыс үстелдерінде фастфуд жеп отыр.

Бұған қоса олар ҚМО-дағы жалғыз кафені жауап тастаған күні жаңа ереже ойлап тауыпты! Барлық тамақты, оның ішінде курьерлер әкелетін тамақты белгілі бір есіктен ғана кірігізуге болады. Орталық есіктен кіргізуге болмайды! Сіздер неге әрдайым әртүрлі сұмдықты ойлап табасыздар? Егер білмесеңіздер, олар жақында тағы бір ереже ойлап тапты: ҚМО-ға қарбыз әкелуге болмайды!!!! Қарбыз!!!! Сондай-ақ ҚМО-ға өз балаларыңды әкелуге болмайды. Осының салдарынан ата-аналарда баланы қалдыруға қатысты проблемалар туындайтыны оларды мазаламайды. Оларға бәрібір.

Олар жаңа ережелер ойластырып жатыр. Оларға кедергі жасамаңдар. Енді дәретханаларды бөлгенін күтіп жүрміз. Қайсына үлкен дәретке, қайсына кіші дәретке баруға болатынын да айтар. Қазмедиа орталығы БАҚ қызметкерлері үшін құрылып, салынған! Ал сіздің кеңселеріңіз бізге осында қолайлы жұмыс істеу үшін құрылған. Ал сіздер әзірге біз қырылып қалу үшін бәрін жасап жатырсыздар. Рахмет», - деп жазды Ниязов фейсбук парағында.

Журналист сөз соңында ақпарат және қоғамдық даму министрінен көмек сұрапты. Ол Аида Балаевадан олардың есін жиғызып, кімдерге жұмыс істеу керектігін түсіндіруді өтінген.

Серіктес жаңалықтары