×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Нұр-Сұлтанда ер адам сот орындаушысына балта ала жүгірді

26.10.2021, 21:55
Нұр-Сұлтанда ер адам сот орындаушысына балта ала жүгірді
Фото: pixabay.com

Астанада борышкер жеке сот орындаушысына балта ала жүгіріп, қоқан-лоқы көрсетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының мәліметінше, елорданың жеке сот орындаушысы өзіне Н. есімді борышкердің атқарушылық құжаттарды орындау барысында шабуыл жасап, өміріне қауіп-қатер төндіргенін айтып, оны жауапкершілікке тарту үшін полиция басқармасына шағым түсірген. Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушысы Т.-ның өндірісінде борышкер Н. есімде азаматтан жалпы сомасы 196 545 теңге және банк пайдасына 358 728 теңге өндіріп алу туралы 17 әкімшілік айыппұлға қатысты атқарушылық құжат бар.

«Жеке сот орындаушысы атқарушылық құжатты орындау үшін барлық іс-шараны қабылдап, борышкерге қатысты бұғаттау және шектеу шараларын жүргізді. Ол 2020 жылдың қазанынан міндеттемелерін орындаудан бас тартып жүр. Атқарушылық құжатты орындау мақсатында «Ваз 2115» маркалы автокөлікті тәркілеу туралы қаулы шығарылды. 26 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 08.45-те сот орындаушысы борышкердің тұрғылықты жеріне барып, жол бойында тұрған көлігін тапқан», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.

Полиция қызметкерлерінің қатысуымен көлікті тәркілеу барысында борышкер өзін дөрекі ұстап, жеке сот орындаушысының көлікті өз еркімен беру талабын елемеген. Үйінен балта алып шығып, жеке сот орындаушылары мен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Бұл сәт видеоға жазылған. Полиция қызметкерлері уытты газ баллонын шашып, оны басқармаға алып кеткен.