×
485.4
550.69
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.4
550.69
6.41

Зейнетақы жинағын пайдаланып үй алудың тағы бір жолы пайда болуы мүмкін

Бүгін, 16:29
Зейнетақы жинағын пайдаланып үй алудың тағы бір жолы пайда болуы мүмкін
Ulysmedia коллажы

Зейнетақы жүйесін жаңғырту аясында Сингапурдың зейнетақы моделі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Министрдің айтуынша, бұл модель келесі аптада арнайы талқыланады.

«Біз қазір талқылау үстіндеміз, себебі Сингапур моделі бойынша қосымша ұсыныстар түсті. Келесі аптада осы модельді арнайы қарастырамыз», – деді Асқарбек Ертаев,

Оның айтуынша, Сингапур жүйесінде азаматтар үшін міндетті зейнетақы жинақтары қалыптасады, ал жиналған қаражатты тұрғын үй сатып алуға пайдалану мүмкіндігі де бар.

Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сарапшылардың қорытындысын күтіп отыр. Одан кейін түскен ұсыныстар жұмыс тобының қарауына енгізілмек.

«Қалай болғанда да, барлық ұсыныстың ішінен ең тиімді тұстарын таңдап, соның негізінде еліміздің зейнетақы жүйесін дамытудың түпкілікті пакетін әзірлейміз», – деді министр Асқарбек Ертаев.

Контекст

Бұған дейін күзде зейнетақы жүйесі тағы да өзгеріске ұшырайтыны хабарланған еді.