×
485.55
563.38
6.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.55
563.38
6.81

Қазақстан Ресейге 225 млрд теңге қарыз береді

Бүгін, 15:33
Қазақстан Ресейге 225 млрд теңге қарыз береді
ашық дереккөзден

Қазақстанның Ұлттық банкі мен Ресей банкі валюталық своп туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ulysmedia.kz

Своп желісінің көлемі – 225 млрд теңге немесе 35 млрд рубль. Ұлттық банктің мәліметінше, келісім үш жыл мерзімге жасалған. Ал оның аясындағы әрбір мәміленің мерзімі бір жылдан аспайды. Операциялар нарықтық пайыздық мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі.

Қарапайым тілмен айтқанда, бұл — Қазақстан мен Ресей орталық банктерінің «бір-біріне керек кезде валюта қарызға беру» туралы келісімі.

- Яғни, Қазақстанда рубль уақытша жетіспей қалса, Ұлттық Банк Ресей Банкінен рубль ала алады. Ресейде теңге қажет болса, олар Қазақстаннан теңге ала алады, - деп жазады «Нарық» порталы.

Ведомство валюталық своп орталық банктер арасындағы стандартты қаржылық құрал екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары