×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Хан Шатырдың» бас директоры сүйіктісіне 16 млн теңгенің білезігін сыйлады (ВИДЕО)

14.02.2024, 13:01
Коллаж: Ulysmedia.kz

Елордадағы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының бас директоры Энгин Асралан жұбайы Карина Асраланға Әулин Валантин күні құны шамамен 16 миллион теңге тұратын білезік сыйға тартқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұл туралы Карина Асралан өзінің Instagram-парақшасында бөлісті. “Love” деген атауы бар картьер білезігі екі қабат гауһар тастармен көмкерілген. Қазақстандағы Cartier дүкенінде оның бағасы 15 778 400 теңге деп көрсетілген.

I love you too Askim, – деп жазған Карина.  

 

Кәсіпкердің әйелі жариялаған суреттерге қарағанда онда аталған бренд әшекейлері біреу емес бірнеше. Отбасы Астанада элиталық көпқабатты үйлердің бірінде тұрады. Түркиялық бизнесмен соңғы 10-15 жылдан бері Астанада. Жұбайы Карина Павлодар қаласының тумасы. Олардың бір ұл, бір қыздары бар. Былтыр Энгин мен Карина Стамбулдан вилла сатып алғандарын бөлісті.

Күнделікті өмірлері кісі қызығарлық. Қымбат мейрамханалардан тамақ ішіп, тек бренд өнімдерді тұтынады. 2023 жылы кәсіпкердің әйелі жеке иіссуын шығарды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Таңдаулыларға» арналған банк: ҚДБ-ның арзан несие кезегінде кімдер тұр?


Айта кету керек, «Хан Шатыр» экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен байланысы бар түрік кәсіпкері Феттах Таминженің компаниясына тиесілі.

Бүгінде ол ҚДБ-дан төмен пайызбен несие сұрап отыр және бірінші рет емес. Бұған дейін Таминже керамика және санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын зауыт құрылысына, сондай-ақ бес жұлдызды Rixos қонақ үйі мен Tetysblu ойын-сауық саябағының құрылысына мемлекет тарапынан қолдау алған.

Бұл жолы ол Ақтаудағы «Жылы жағажай» аймағында орналасқан көпсалалы қонақ үй мен туристік кешен құрылысының екінші кезеңін іске қосу үшін несие сұрап отыр.

Ол Rixos бес жұлдызды қонақ үйлер желісін басқаратын компанияға иелік етеді. Астанадағы ең ірі ғимараттар – «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы, «Астана Арена» спорт кешені, Бейбітшілік және келісім сарайы, бірнеше ірі мешіт, Тәуелсіздік сарайы, Назарбаев Университеті, «Нұр Әлем» сферасы – осы түрік кәсіпкері Таминженің иелігіндегі компаниялар салған ғимараттар.

«Хан Шатыр» салу идеясы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

«Хан-Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы 2010 жылдың 6 шілдесінде ресми түрде ашылған.

 

Серіктес жаңалықтары