×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Аққу кейпіндегі аналар Кіші Талдыкөлді құрғатуға қарсы шықты

15.09.2021, 09:48
фото: Серікбол Хасанның фейсбук парағы

Елордада кіші Талдыкөлді қорғауға арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Аққу кейпіне енген аналар көлді құрғатып жатқан көліктерге қарсылығын білдірді, деп жазды фейсбук парағында журналист Серікбол Хасан.

Бұған дейін де белсенділер Кіші Талдыкөлді құрғатуға қарсы шыққан болатын. Олар транспарант ұстап көшеге шыққан еді.

Астанада “Жағалау” шағын ауданындағы Кіші Талдыкөлге құм төгіліп, арнасы кішірейтіліп жатыр. Қала тұрғындары бұл жерді аққулар мекені деп атайды. Өйткені көлде үнемі аққулар жүзіп жүреді. Сондықтан олар шағын көлді сақтап қалуды ойлайды. Алайда бұл жерде қазір құрылыс жұмыстары басталғалы жатыр. Белсенділер президенттен көмек сұрайды. Маусымдық миграция кезінде көлге 200-ге тарта құстың түрі келеді. Көл маңайындағы жерде өсімдіктің 100-ге жуық түрі өседі. Жақында көлді қоқиқаздар да мекендей бастады.

Серіктес жаңалықтары