×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарағандыда күдікті мемқызмет көрсету саласында киберқылмыс жасаған

22.02.2024, 09:37
Қарағандыда күдікті мемқызмет көрсету саласында киберқылмыс жасаған
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікпен Қарағанды тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тінту кезінде одан 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды.

Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден асады. 

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметінен.