×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстандық блогерлер 2 наурыздан бастап жарнамалық жазбаларына белгі қояды

Фото: if24.ru

Енді қазақстандық блогерлерге, желі қолданушыларына посттарындағы жарнамаларды таңбалау талап етіледі. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр былтыр 10 шілдеде Мемлекет басшысы «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға қол қойғанын еске салды.

Заң жобасы Қазақстанда қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған. Құжаттағы  көрсетілген негізгі құқықтық тетіктердің бірі – желідегі жарнаманы таңбалау міндеттемесі.

Біз зерттеген халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жетекші елдер онлайн-жарнаманың маңызды рөлін және оны онлайн-платформаларда көрсету тетіктеріне ерекше назар аударады. Сонымен қатар онлайн-жарнаманың ашықтығын арттыруға бағытталған талаптарды көздейді. 

«Әділет» порталында желідегі жарнаманы таңбалау ережелерін белгілейтін бұйрық жарияланды. Ол ереже 2 наурыздан бастап күшіне енеді.

Ережелер бизнеске әсер ету үшін оң бағаланғанын және толығымен Қазақстанның онлайн сегментінде кең таралған қазіргі тәжірибеге негізделгенін атап өту қажет. Осы ережелерді қалыптастыру кезінде коммерциялық негізде орналастырылған контентті өз бетінше белгілейтін медиа-субъектілер тәжірибесіне сүйендік. Біз өз кезегімізде осы трендті Қазақстан Республикасының бүкіл интернет кеңістігіне тарату жөн деп есептейміз. 

Одан өзге осы ережеге сәйкес инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық немесе шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнаманы таңбалауға тиіс, – деді Аида Балаева.

Оның айтуынша, жарияланымның басында немесе соңында онлайн ортада белсенді қолданылатын төмендегідей тұжырымдардың бірін көрсету керек:

- «жарнама»;
- «жарнамалық материал»;
- «серіктестік материал»;
- «демеушілік материал»;
- «жарнама құқығында»;
- «демеушімен төленген»;
- «PR құқығында»;
- «реклама»;
- «рекламный материал»;
- «партнерский материал»;
- «спонсорский материал»;
- «на правах рекламы»;
- «оплачено спонсором»;
- «на правах PR».

Әлеуметтік жарнаманы (қайырымдылық және коммерциялық емес сипаттағы басқа да қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған) және жедел хабар алмасу қызметтерінде (мессенджерлер) орналастырылатын жарнаманы белгілеудің қажеті жоқ.

Ережелер биыл 2 наурыздан бастап күшіне енеді.
 

Серіктес жаңалықтары