×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанда ауыр дертпен алысқан отбасылардың мәселесін министрлік қалай шешеді

27.02.2024, 18:33
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қоғамда, әлеуметтік желіде баласының, туған-туысының ауыр дертке шалдыққанын жазып, көмек сұрайтындар көп. Мұндайда «Қазақстан халқына» қорына екінің бірінің қолы жете бермейді. Жаңадан денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған Ақмарал Әлназарова осындай мұқтаж адамдарға қандай шешім ұсынады? Ulysmedia.kz тілшісі осы сұрақты Үкіметтің баспасөз орталығында министрдің өзіне қойып көрді.

– Бұл үлкен мәселе. Оған жүйелі түрде қарауымыз керек. Сирек кездесетін аурулардың түрімен ауыратын науқастардың ата-анасынан, туған-туыстарынан көп шағым түсіп жатады. Сонымен қатар, гендік, гемотологиялық науқастардан да көп шағым кездеседі. Бүгінгі таңда біз Қазақстанда республикалық деңгейде сирек кездесетін және гендік ауруларға шалдыққан азаматтарға арналған бейімдеу орталығы жоқ. Осындай орталықты ашсақ, шетелге кетпейтіндей жағдай жасау үшін біз жүйелі шараларды қабылдауымыз керек, – дейді Ақмарал Әлназарова.

Министрдің айтуынша, жарты жылдың ішінде республикалық орталық ашылуы керек.

– Одан бөлек, республика бойынша төсек қорының саны мен құрылымына сараптама жасадық. Балаларға арналған көмектің кейде облыс, республикада көрсетілмей, шетелге кетіп жатқан жағдайын да көріп отырмыз. Анализ жасалды. Әр облыста бірінші және екінші кезекте балаларға арналған көмектің түрлерін анықтап, құрал-жабдықтарды алып, мамандарды тартып, осы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Мәселе белгілі. Әрқайсымен жеке жұмыс істеліп те жатыр.

Ulysmedia.kz тілшісі бұған дейін бұл тақырыпта жазған еді. Астанадағы Қазмедиа орталығына азаматтар келіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жан айқайын жеткізуге тырысқан. Олар туыстарының денсаулығына байланысты қиын жағдайда қалғанын дәрігерлердің қателігінен көреді. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың отставкасын талап еткен.  

Серіктес жаңалықтары