×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Астанадағы Қазақконцертке Роза Бағланованың есімі берілді

29.10.2021, 13:40
фото: ашық дереккөзден

Қазақконцерт ұйымына КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Роза Бағланова Қазақконцертте 1960 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін 50 жылдан астам уақыт жемісті еңбек еткен. Қазақконцерттің негізін қалаушылардың бірі, ұйымның әншісі болып қазақтың ән өнерін дамытуға өлшеусіз зор үлес қосты.

Бұл қадам Роза Бағланова есімінің ұлт жадында, келешек ұрпақтың есінде мәңгі сақталуына және уақыт өткен сайын қайта жаңғырып отыруына елеулі үлес қосады деп білеміз», - делінген Қазақконцерт ақпаратында.

Серіктес жаңалықтары