×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Мәскеуімізге қайтамыз»: Ресейден Алматыға көшіп келген отбасы зілзаладан қорыққандарын айтты

11.03.2024, 14:38
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде 1,5 жыл бұрын Ресейден Алматыға көшіп келген әйелдің видеосы тарады. Онда ол жер сілкінісінен қауіптенетіндерін, сол себепті Мәскеуге қайтуға бел байлағандарын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанда жарты жыл тұрдық. Бұл өмірімдегі жарқын сәттердің бірі. екі күн бұрын көзіме жас алдым. Неге дейсіз бе? Қазақтар маған орыстарға қарағанда туғанымдай болып кетті. Сіздерге шынымен айтып отырмын. Елде тұрып көргендер олардың жаны жайсаң, жылы қарым-қатынасын… тіпті қалай түсіндіретінімді білмеймін. Алматыдан кейін Мәскеуге қайту өте қиын. Қазақстанды, Алматыны сағынатын боламын. Мұнда өмір басқаша… Күнде таңертең терезеден қарағанда тау көрінеді. Жақсы көріп қалдым. Баланы қоларбамен көшеге алып шығып, аялдамаға келсең, қайдан шыққаны белгісіз, бір адамдар пайда бола кетіп, автобусқа мінуге көмектесіп жібереді. Ал мұндай көріністер Мәскеуде болды ма?.. Жоқ! Ешқашан, – деген ол сағыныш сазы менмұндалаған видеосын бөліскен.

 

Серіктес жаңалықтары