×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Сынып жетекшісі НЗМ-ның белдемше киген оқушысына не айтты

29.10.2021, 18:49
Сынып жетекшісі НЗМ-ның белдемше киген оқушысына не айтты
Фото: Дина Тәңсәрінің Фейсбук парақшасы

«НеМолчиKZ» қорының қарауына мектеп сыныбының бейнематериалдары берілді. Бейнежазбада сынып жетекшісі сыныптастарының көзінше марқұм болған оқушыға ұрсып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Тәңсәрі Фейсбук парақшасына жазды.

«Біз бұл бейнежазбаларды жарияламадық, себебі оқушылардың болашағы үшін қатты алаңдаймыз. Бұл бейнематериалдарды ҚР Ішкі істер министрлігіне беріп, қылмыстық іс материалдарына енгізіп, педагогтардың әрекетіне, сондай-ақ НЗМ баспасөз хатшысы жариялаған жалған баспасөз хабарламасына құқықтық баға беруді талап етеміз! Басынан аяғына дейін бәрі өтірік!», - дейді құқық қорғаушы.

НЗМ оқушының блдемше кигені туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр.

«Мектеп баланың «юбка» кигенін, бәрі мектеп қабырғасында болғанын, сынып жетекшінің әңгімесі, әсіресе бүкіл сыныптың көзінше осылай сөйлегені дұрыс болмағанын жоққа шығарып отыр! Бүгін НЗМ сегізінші сынып оқушыларының сабақтарын тоқтатты, шамасы, балалар бірігіп, шындықты айта бастайды деп қорқатын шығар!», - дейді ол.

Ары қарай Дина Тәңсәрі сынып жетекші  мен оқушы арасында болған әңгіменің жазбаша нұсқасын жариялады.

Сынып жетекші ары қарай – «С»

Оқушы ары қарай – «О»

Сынып жетекші тақта алдында, ал оқушы есіктің жанында партаға сүйеніп тұр. Қысқа белдемше киген оқушыға сынып жетекшісі қарап:

- Гарри Поттер қалай киінген? – деді.

О: Гарри Поттерде әйел кейіпкер де көп.

С: Сен сонда әйел кейіпкерсің бе? Сол үшін белдемше киіп алдың ба? Оны қайдан алдың?

О: Сізге ұнамай ма?

С: Белдемше кигенің маған ұнап тұрған жоқ! Мұндай киімді мектептен тыс жерде киюге болады! Ал НЗМ-да бұлай киіну дұрыс емес деп санаймын!

О: Қай жері дұрыс емес сонда?

Оқушы қыз сыныптасын жақтап, бұл киімнің несі дұрыс емес екендігін сұрады.

О: Тақырыпқа сай киіндім, басқасын таппадым.

С: Егер тақырыпқа қатысты болса Гарри Поттердікі сияқты киім ізде немесе мектеп формасын ки. Мектепте істеуге рұқсат етілген нәрсені ғана істеулерің керек!

Оқушы ұл мен қыз әлдене айтқысы келді, бірақ сынып жетекші олардың сөзін бөліп жіберді.

С: Мектеп ережесі бар. Соны орындап жүрсіңдер ме?

О: Иә.

С: Жоқ, сендер бәрін орындап жүрген жоқсңдар, қазір әдейі осылай істедіңдер! Мектеп саясаты бар, ол бойынша ұл мен қыз қандай форма киюі керектігін көрсетем!

О: Бұл форма емес!

С: Сендер мектептің ішіндесіңдер!

Оқушы қыз: Бірақ қазір бізде бал болы жатыр ғой!  

С: Солай, бірақ бұл ер бала белдемше киюі керек дегенді білдірмейді ғой!

Сынып жетекші оқушы ұлдың жанына барып, дауыс көтере сөйледі:

- Бұл дегенің еркін уақытта ішкиіммен жүруге болады деген сөз емес!

Оқушы сынып жетекшінің сөзінен кейін екі қолымен бетін жапты.

 С: Өзіңе ыңғайлы киім кию деген үстіңдегі киімді шешіп тастап жүру деген сөз емес!

Оқушы қыз: Міне, біз ыңғайлы киім киіп алдық.

С: Қазір адамдар келеді және көп сұрақ туындайды!

Балалардың мұғалімге ашуланатын жөні бар. Педагогтардың жасөспірімдердің еткіншектердің жас ерекшеліктері мен психологиялық қажеттіліктерін ескермеуі өте қорқынышты! Біздің ойымызша, мектеп суицид жасайтын жағдай тудырды!

«Балалар, достарыңа қолдау білдіргендеріңді мақтан тұтамыз!», - деп жазды Дина Тәңсәрі.

Еске сала кетсек, 27 қазанда Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы қаза тапқан болатын. 29 қазан күні НЗМ оқушылары «юбка» киіп қарсылық акциясына шықты.