×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сот белсенді Сандуғаш Тұрлыбекованы үй қамаққа ауыстырды

Сот белсенді Сандуғаш Тұрлыбекованы үй қамаққа ауыстырды
Фото: видеодан скрин

Қызылорда облыстық сотында болған аппеляциялық отырыста тергеу соты қоғам белсендісі Сандуғаш Тұрлыбековны үй қамаққа ауыстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Бұл туралы қоғам белсендісі Құрал Сейітханұлы әлеуметтік желіге видео жариялаған. Бейнежазбадан сот ғимараты алдында Сандуғаш Тұрлыбекова мен оның жақындарын байқауға болады.

Еске салайық, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында көпбалалы Сандуғаш Тұрлыбекованың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарап, халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қоғамды елең еткізген болатын.

Бұл фактіге қатысты Қызылорда облыстық Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

Аталған дерек бойынша Қызылорда облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр, – деп қысқа қайырды ведомстводан. 

Кейін белгілі болғандай, көпбалалы жалғызбасты ана, белсенді 40 жастағы Сандуғаш Тұрлыбековаға "екі адамды бопсалады" деген айып тағылды.

Тұрлыбекованың балалары Тоқаевтан көмек сұрады

Тұрлыбекованың балалары айыпты мойындамайтынын, ұстауды белсенділігімен байланыстырғанын мәлімдеп, мемлекет басшысы Тоқаевтан көмек сұрады.

6 наурыз кешке Тұрлыбекова үйіне полиция келгенін, есігін бұзуға әрекет етіп жатқанын айтып, Facebook парақшасында тікелей эфирге шықты. Көп өтпей әлеуметтік желіде оның екі қолынан екі полицей ұстап тұрған фото тарады.

Белсендінің туыстары полиция Тұрлыбекованың тұрғын үйіне тінту жүргізгенін айтады. Ал Тұрлыбекованың қызы Шакизат Олжабай анасын ұстауға "дәлел және негіз жоқ" деп санайды.