×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Нұр-Сұлтанда Ақмола облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

30.10.2021, 15:36
Фото: қала әкімдігі

30-31 қазанда «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкеде 50-ден астам тауар ұсынылды.

«Ақмола облысының 200-ден астам тауар өндірушісі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам азық-түлік түрін әкелді. 400 млн теңгеден астам сомаға 500 тоннадан астам азық-түлік өнімі жеткізілді. Бағалар алдын ала келісілген және нарықтық бағадан 10-15%, тіпті 20%-ға арзан. Әкелінген өнімдердің ішінде 130 тоннадан астам ет және шұжық өнімдері, 50 тоннадан астам сүт өнімдері, 8 тонна жаңа ауланған балық, 14 тонна ұн, 150 тоннадан астам картоп, 3 тоннадан астам кондитерлік өнімдер және т.б. Облыс өнімдерін өткізушілерге санитарлық нормаларды сақтау бойынша қатаң талаптар қойылды. Барлық тауарлар стандарттарға сай болуы керек, бәрі тексерілді. Сонымен қатар, жәрмеңкенің барлық қатысушылары – сатушылардан бастап әкімдік қызметкерлеріне дейін «Ashyq» арқылы тексеріледі», – деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов.

Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысовтың айтуынша, ауа райы жағдайы жәрмеңкеге қатысуға кедергі жасамайды. Өңірлер жәрмеңкесіне елорда халқының үштен бірі қатысады.

Бағаларға келетін болсақ, жылқы етінің килограмын – 2200 теңгеге, сиыр етін – 2000 теңгеге, қой етін – 1900 теңгеге, үйректі – 2500 теңгеге, шұжықты – 1400 теңгеге, картопты – 140 теңгеге, сүтті – 230 теңгеге сатып алуға болады. Келушілерге сондай-ақ, литріне 1000 теңгеден үй тосабы ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары