×
$
451.05
€
504.95
₽
5.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.05
€
504.95
₽
5.6

Аяз күшейеді: 27 қазанда Қазақстанның қай өңірлерінде күн күрт суытады?

Бүгін, 17:58
Аяз күшейеді: 27 қазанда Қазақстанның қай өңірлерінде күн күрт суытады?
Ulysmedia.kz коллажы

27 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде түнде күн күрт суытады. Кей жерлерде ауа температурасы 11 градус аязға дейін төмендейді. Елдің солтүстігінде жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Ал оңтүстікте қатты жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қай өңірлерде аяз күшейеді?

Ең қатты аяз Жетісу облысында күтіледі. Түнде кей жерлерде ауа температурасы 11 градусқа дейін төмендейді.

Талдықорғанда 9–11 градус, ал облыстың өзге аудандарында 2–7 градус аяз болады.

Жамбыл облысында түнде ауа температурасы 3–8 градусқа дейін төмендейді. Таразда 5–7 градус аяз күтіледі.

Алматы облысында 1–6 градус суық болады. Алматыда түнде ауа температурасы 1–3 градус аязға дейін төмендесе, Қонаевта 2–4 градус аяз болжанып отыр.

Түркістан облысының солтүстігі мен батысында, сондай-ақ, Қызылорда облысының кей аудандарында 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Қай өңірлерде қар жауып, тұман түседі?

Павлодар облысының кей жерлерінде түнде жаңбыр аралас қар жауады. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Павлодар қаласы мен облыстың жекелеген аудандарын тұман басады.

Астана, Петропавл қалаларында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында да тұман күтіледі.

Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы аудандарында да тұман түсіп, айналаны көру қиындауы мүмкін.

Қатты жел мен шаңды дауыл

Ең күшті жел Жетісу облысындағы Алакөл маңында күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетіп, кей уақытта екпіні 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Алматы мен Жамбыл облыстарының таулы аудандарында, сондай-ақ Түркістан облысының тау бөктерінде желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Маңғыстау облысының орталық аудандарында да жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл соғады. Әсіресе өңірдің шығысы мен орталық бөлігінде жел күшейеді.

Қызылорда қаласында желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетіп, шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.

Қай өңірлерде өрт қаупі жоғары?

Күн суытқанымен, Қазақстанның бірнеше өңірінде табиғи өрт шығу қаупі әлі де жоғары.

Атырау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, сондай-ақ Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Ұлытау және Жетісу облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі төтенше жоғары деңгейде сақталады.

Алматы, Қонаев, Ақтау, Шымкент, Түркістан қалаларында және бірқатар өзге аумақта да өрт шығу қаупі жоғары.

Жезқазған мен Атырау қалаларында өрт қаупі төтенше жоғары деп бағаланып отыр.