2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша елімізде 20 075 271 адам тұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 033 546 адам болған еді.
Халықтың жалпы өсімі – 41 725.
Халық санының ең жоғары өсімі Астана қаласында тіркелді – 14 561 адам. Елордадан кейінгі орында Алматы қаласы тұр, онда өсім 12 529. Шымкентте халық саны 7 355 адамға өсті.
Халық саны – белгілі бір уақытта елдің белгілі бір аумағында тұрақты тұратын адам саны. Ағымдағы халық саны соңғы халық санағының нәтижелері бойынша есептеледі, оған туғандар және белгілі бір аумақта тұрақты тұруға келгендер саны жыл сайын/ай сайын қосылады, ал қайтыс болғандар мен белгілі бір аумақтан тұрақты тұруға кеткендер саны шегеріледі, - делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Еске салсақ, бір ай бұрын еліміздегі халық саны 20 053 665 адам болған еді.