×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстан халқының саны 20 миллионнан қаншалықты асты

01.03.2024, 10:28
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросы халық саны бойынша тың деректі жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бір айда қаншалықты өсім бар?

Ресми дерекке сүйенсек, халық саны 2024 жылдың  ақпанындағы көрсеткіш бойынша 20 053 665 адамды құраған .2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2024 жылдың 1 ақпанына дейін халық санының өсімі 20 119 адамды құраған. Өсім пайызы – 0,10. Қазақстан халқының басым бөлігі – 12 451 004 адам қалада тұрады. Ауылдағы халықтың саны – 7 582 542. 

Халқы ең көп өңірлер

Халқы ең көп өңірлердің көш басында Алматы қаласы тұр. Оңтүстік астанада 2 234 963 адам тұрады. Екінші орында – Түркістан облысы. Оңтүстіктегі өңірде 2 142 058 адам бар. Үштісті 1 532 985 адаммен Алматы облысы түйіндейді. 

Еске сала кетейік, Қазақстан халқының саны былтыр қарашада 20 млн адамға жеткен еді. 

Серіктес жаңалықтары