×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Қазақстанда қант диабетімен ауыратындар саны 3,5 есе өсті

02.11.2021, 21:18
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Ташкентте өткен «Диабет: мониторингтен басқаруға дейін» Орталық Азиялық диабет форумының жұмысына қатысты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы otyrar.kz-да жазылды.

«15 жыл ішінде Қазақстанда қант диабетімен ауыратындар саны 3,5 есе өскен. 2021 жылдың басында 382 000 адам диспансерлік есепте тұрса, оның 30 000-ы 1 типті қант диабетімен ауыратындар, 352 000-ы 2 типті қант диабетімен ауыратындар. Қант диабетімен ауыратындар санының артуы ерте анықтау мен диагностиканың жақсарғанын көрсетеді», дейді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, ересек тұрғындар арасында жүргізілген скринингтік процедуралар (60 миллион тексеру) 2,5 миллионнан астам ауруды анықтады, оның 62 мыңға жуығы – қант диабеті.

Серіктес жаңалықтары