×
$
447.14
€
499.54
₽
5.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
499.54
₽
5.46

"Мұндай жағдайдан ешкім сақтандырылмаған" – СІМ Ташкентте балалардың улануына қатысты пікір білдірді

Бүгін, 11:45
"Мұндай жағдайдан ешкім сақтандырылмаған" – СІМ Ташкентте балалардың улануына қатысты пікір білдірді
Instagram / Denis Denski

Қазақстандық балалардың Ташкентте улануына қатысты жағдай сырт көзге көрінгендей аса ауыр болмаған. Мұндай пікірді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Ол бұл туралы СІМ-де өткен брифингте айтты.

– Жаппай улану және тағы басқа мәселелер айтылды. Мұндай жағдайлар болып тұрады, бұдан ешкім сақтандырылмаған. Қазақстанда болсын, шетелде болсын. Ең бастысы, балалардың денсаулығына зиян келген жоқ. Олар үйлеріне аман-есен оралды, – деді Үсенов.

Ол Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігіне көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді. Қазір Ташкент ауруханаларында қазақстандық балалардың ешқайсысы қалған жоқ.

Тергеуге Қазақстан қатыспайды

Қазір бұл жағдайды Өзбекстан тарапы тергеп жатыр. Қазақстан тергеу жұмыстарына қатыспайды. Үсенов өтемақы мәселесіне қатысты ештеңе айтпады.

– Біз басқа елдердің аумағында жүргізілетін тергеуге қатыса алмаймыз. Әр мемлекеттің өз құқық қорғау жүйесі бар. Тергеуді сол елдің органдары жүргізеді, кейін бізге оның нәтижелері мен құжаттарын береді, – деп түсіндірді СІМ өкілі.

Контекст

Еске салайық, Қарағанды облысынан барған 16 ұл бала Ташкентте футбол турниріне қатысу үшін барған. Олар қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін ауруханаға түсті.

Журналист Михаил Козачков ауруханадағы жағдайдың нашар екенін және дәрі-дәрмек жетіспейтінін айтқан еді. 6 қарашада балалардың барлығы ауруханадан шығарылып, Қазақстанға оралды.

Сізге қызық болуы мүмкін