×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Елімізде қазақтың саны 14 миллионнан асты

Коллаж: Ulysmedia

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде қазақтың саны 14 миллионнан асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

90-жылдары қазақтың үлесі 39,7% болған

Қазақстандағы қазақтардың жалпы саны алғаш рет 14 миллион адамнан асып, 2024 жылдың басына қарай 14 миллион 220 мың адамға жетті, — делінген хабарламада.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары республикадағы қазақтардың үлесі 39,7% болған. Қазір 70,98%-ға дейін өсті.

Бюро мәліметіне қарағанда, елдегі басқа ірі этностар – орыстар (2,98 млн), өзбектер (660,6 мың), украиндықтар (375,9 мың), ұйғырлар (301,6 мың). 

Елімізде 20 миллионнан аса адам тұрады

Еске салсақ, 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша елімізде 20 075 271 адам тұратыны белгілі болған еді. 

Халықтың жалпы өсімі – 41 725.

Халық санының ең жоғары өсімі Астана қаласында тіркелді – 14 561 адам. Елордадан кейінгі орында Алматы қаласы тұр, онда өсім 12 529. Шымкентте халық саны 7 355 адамға өсті.

Өзбектер ше?

2024 жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша Өзбекстанда тұрақты тұрғындар саны 37 000 291 адамға жетті. 

16 сәуірде бұл сан 36 990 128 болған.

Республиканың тұрақты тұрғындарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға өсті.

2024 жылдың басынан бері халық саны 163 500 адамға артқан.

Өзбекстан халқы 2024 жылдың әр айында орта есеппен 54,5 мың адамға көбейіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары