×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Вундеркинд Ақназар Қажымұрат өз-өзіне қол жұмсады - дереккөз

06.11.2021, 19:11
Фото: ашық дереккөз

20 жастағы вундеркинд Ақназар Қажымұрат өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2001 жылы 14 тамызда дүниеге келген Қажымұрат Ақназар Арманұлының қайтыс болу себебінің алдын ала болжамы – суицид. Мәйіт қонақүйден табылды. Мәйіттің жанынан табылған рюкзак дәрі-дәрімекке толы болған», - деді полициядағы дереккөз.

Алматы қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл ақпаратты растамады және жоққа шығарған жоқ.

«Қалалық полиция департаментіне хат жазыңыздар. Мен телефон арқылы ақпаратты растап не жоққ  шығара алмаймын», - дейді Әбдірахманов.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі журналистің қоңырауына жауап бермеді. Марқұмның туыстарына хабарласуға да мүмкін болмады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда Гарвард студенті белгісіз жағдайда көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.

Ол 2018 жылы 12-сынып оқып жүрген кезінде ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтихандарында рекорд орнатып, 36 -дан 36 және 2400-ден 2400 балл жинаған.

Серіктес жаңалықтары