×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Сәкен Майғазиев бірден 2 отбасы баспаналы болғанымен бөлісті

09.11.2021, 13:43

Белгілі өнер қайраткері Сәкен Майғазиев бірден екі отбасыға баспана кілті табысталғанын жеткізді деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Бір отбасы салтанатты жиынға қатысып, үйлі болса, екіншісіне баспана алуға жетуі тиіс 10 миллион теңгенің сертификаты арнайы беріліп жолданбақ.

“Аллаға шүкір, бүгін Шымкентте екі отбасына баспана сыйлау мәртебесі бұйырыпты. Екінші отбасы жанұялық жағдайына байланысты жете алмады. Пәтер кілтін (10 млн теңге сертификатын) сыйлау қашықтықтан жүзеге асты”, – деп бөліскен әнші игілікті іске ұйытқы болған қайырымдылық қорына алғысын білдірді.

Шарада мұқтаж жандарға, балаларға арналып дастархан жайылғаны, уағыз айтылып, домбырамен терме айтылғаны да байқалады.

Серіктес жаңалықтары