×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Депутат әскердегі сарбаздардың өмірін сақтандыруды ұсынғалы отыр

12.06.2024, 15:39
Депутат әскердегі сарбаздардың өмірін сақтандыруды ұсынғалы отыр
Коллаж: ulysmedia.kz.

Константин Авершиннің сөзінше, армияда мәселе жетіп артылады. Ол таяуда Отарда комаға түскен сарбаздың жағдайын біліп қайтпақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат не дейді

Мәжіліс кулуарында Ulysmedia.kz тілшісі әскердегі сарбаздардың зардап шегу мәселесін реттеу үшін нақты не ұсына алатынын сұраған.

– Бізде нақты тетік болу керек. Соңғы қиын жағдай – Отардағы госпитальде жатыр. Жақын күндері маған Сарбаздардың ата-аналары ұйымы қайырылды. Біз қазір олардың әке-шешесімен байланыстамыз. Жігіт қазір комада. Тергеу белгіленген. Болжамды күдіктіні анықтауға тырысып жатыр. Демалыс күндері барып қайтсам деп отырмын. 

Депутаттың пікірінше, егер сарбаздың зардап шегуіне армия құрылымы кінәлі болса, онда шығындардың бәрін әскер басшылығы өзіне алуы керек. 

– Бірақ бұл жерде бізде тағы бір мәселе туындайды. Әскери қызметшілердің айлығы көтеру мәселесін айтқан едік. Қазір қаражат көздері іздестірілуде. Өйткені 95 мың немесе 117 мың теңге деген айлық емес. Демек, бюджеттен белгілі бір сома бөлінуі тиіс. Әскери қызметкер егер армия құрылымының кесірінен зардап шексе, оны емдеудің, оңалтудың бүкіл шығынын басшылығы алуы керек, – дейді ол.

Авершиннің сөзінше, бұрынғы “мұра” болып қалған жүйемен келе жатқанымызды айтады. 

– Мұның бәрін түбірімен өзгерту керек. Мемлекет басшысының жолдауы бар. Онда ол “біздің армия жақсы қаруланған құрылымға айналуы керектігін” айтқан. Қазір тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бюджетті қараған кезде бұл сұрақтар өте өткір көтеріліп жатыр. Бәрі қалағандай тез жасалып жатпаған шығар. Алайда белгілі бір жылжу бар, – дейді ол.

Константин Авершин жалпы дұрыс жүйе – әскери қызметшілерді сақтандыру жүйесі екенін айтады. 

Комаға түскен сарбаздар

Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген 19 жастағы қатардағы жауынгер Нұржігіт Әбділпатта жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған болатын. Сарбаздың анасына әскери полиция қызметкері хабарласы ұлының ЖРВИ диагнозымен әскердегі медпунктке түскенін айтқан. Сарбаздың анасына әскердегілер  “ешкім саусағын тигізбеді, бізде ондай жоқ, камералар тұр” деген. Анасы ұлына “әлімжеттік жасалды” дейді. Бірақ бұған жауапты органдар әлі ешқандай ресми мәлімдеме жасай қоймаған.

Ал Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбаз Ербаян Мұхтарды емдеу үшін әке-шешесі Түркиядан дәрігер маман шақырған. Ербаянның анасы Гүлсім Қамиева мен әжесі Күләш Смайылова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жоғарғы сотқа, Қазақстан халқына тағы үндеу жариялады. Гүлсім Қамиеваның ұлы – қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар былтыр мамырда мерзімді әскери қызметке алынған. 2023 жылдың 4 желтоқсанында түнде Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 бөліміндегі дәретханада құлап, бас-миының ашық жарақатын алған. Орталық клиникалық ауруханасының анықтамасы бойынша, сарбаздың бас сүйегі жарылып, желке сүйегі сынған, ауыр ми жарақатын алған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.