×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Павлодарда Ертіс өзеніне қызыл кітапқа енген балықтар жіберілді

14.11.2021, 14:30
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда сүйрік балықтарын су қоймаларынан аулауға тыйым салынады. Алайда браконьерлердің кесірінен бекіре тұқымдас балықтар санының қалпына келуі баяу жүруде, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz-ның мәліметінше, «Қазақстан алюминийі» АҚ қызметкерлері Ертістегі балықтардың түрлі құрамын толықтырды. Ғылыми институттың ұсынысы бойынша мамандар өзенге жойылу қаупі төніп тұрған 500 сүйрік жіберді. Павлодарға Қарағандыдан жеткізілген балықтар  автомобиль көпірінің артындағы  өзенге жіберілді. 

«Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Себебі, осы учаске температура бойынша ең қолайлы, ол балық өсірілген орынға ұқсас», - деп түсіндірді «Қазақстан алюминийі» АҚ бас экологы Мақсұт Жақыпов.

Мамандар Ертіске балықты жібермес бұрын балықтың шошып кетпейтініне көз жеткізуі керек. Ол үшін сүйрік болған ыдысқа өзен суы қосылады, сондықтан оларға жаңа жағдайларға бейімделу оңайырақ.

Павлодар балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Серік Апсаликовтың айтуынша, «Қазақстан алюминийі» АҚ – биыл су қоймаларына сүйріктерді бірінші болып жібере бастаған. Бекіре тұқымдас балықтардың популяциясы баяу қалпына келеді: «тауарлық» түрге дейін өсу үшін балыққа 5-6 жыл қажет, олар тек 6-7 жастан бастап уылдырық шаша бастайды.

Сүйрік – Қызыл кітапқа енген балық, оны аулауға тыйым салынады. Тәртіп бұзушылар ҚР Қылмыстық Кодексінің бабы бойынша жазаланады. Қалалық балық инспекциясы бөлімінің мәліметінше, жыл басынан бері сүйрікті аулаған браконьерлерден келтірілген шығын 3 млн теңгеге бағаланған.

Серіктес жаңалықтары