Соңғы 3 жылда футболға 105 620 000 000 теңге жұмсалды. Бұл туралы қоғам белсендісі Насима Қорғасбекова Instagram парақшасына жазды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Q-Adam қоғамдық қорының жетекшісі, блогер Насима Қорғанбекова Instagram «Соңғы 3 жылда футболға 105 620 000 000 теңге жұмсалды. Сіздерге айтар басқа жаңалығым жоқ», - деп жазды.
Еске сала кетсек, Қазақстан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан Франциядан 8:0 есебімен ұтылды.
aladop.kz-ның мәліметінше, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Франциямен болған матчтан кейін баспасөз мәслихатын өткізді.
«Қарсылас команданы жеңіспен құттықтаймыз. Финляндия Боснияны жеңіп кетті де, Францияның келесі ойыны қатты қиындап кетті. Сондықтан да, бізге қарсы матчта олар қолынан келгеннің бәрін жасады. Көп жағдайда қазақстандық футболшылар қобалжып, аяқтағы добынан айырылып жатты. Біз бұл мәселемен жұмыс істеуіміз керек. Маған бұл ойын ауыр тиді. Әлбетте, ірі есеппен жеңілген ешкімге де ұнамайды. Біз өзіміздің стандартты жағдайымызды толық іске асыра алмадық. Футболшылар жаттығуда істеп жүрген шаруаларын алаңда іске асыра алмады. Енді қателіктермен жұмыс істеп, мұндай келеңсіздікті болдырмауға тырысамыз», - деді ол.