×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

0:8 – Қазақстан мен Франция ойынына желідегі реакция

14.11.2021, 11:28
Фото: Скриншот

Қазақстан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциямен сырт алаңда ойнады. Кездесу Париждегі «Парк де Принс» стадионында өтіп, 8:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл Қазақстан құрамасының ресми кездесулердегі ең ірі жеңілісі. Қоғам белсенділері бұл нәтижеге көңілдері толмай, наразылық білдіруде.

«Франция құрамасы ең ірі 10:0 есебімен Әзірбайжанді жеңіпті 1995 жылы. Ең ірі жеңілістері 1908 жылы тіркелген. Дания құрамасы француздарды 17:1 есебімен талқандаған.  Қазақстан құрамасының ең ірі жеңісі - 1997 жылы Пәкістанды 7:0 есебімен тіркелсе, ең ірі жеңілісі әзірге осы 8:0 болып тұр екен», - деп жазды журналист Дарын Нұрсапар Фейсбук парақшасына.

Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 гимназияның директоры Аятжан Ахметжанұлы түнде футбол көрмей, ұйықтап қалғаны дұрыс болды деп санайды.

«Кеше түнде футбол көргім кеп, кеңес сұрасам Мықтыбек Оразтайұлы ұйықтағаның дұрыс деді. Тілін алып, ұйықтағам. Енді қуанып отырмын. Нервім тыныш деп. Әйтпесе мына нәтижені 90 минут көрсем кемі 90 шашым ағаратын еді. Рахмет, Мықа! Бізде футбол жоқ деп жаба салса ғой, иә. Ол ақшаны басқа салаға жұмсайтын...», – деп жазды ол. 

Футболға бөлінген қаражатты қандай бағытта жұмсауға болатынын айтқандар да болды.

«Қазақстан құрамасында ешкім болмаған ба сонда, қақпа ашык па?», «Осыларды доп тепкізбей-ақ таратіп жіберу керек. Осыған бөлінетін ақшаны өнеркәсіпке бөлу керек», - деген пікірлер жазылды.

Серіктес жаңалықтары