×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Марат Әйтенов әйелін үйінен күштеп шығарды (ВИДЕО)

12.07.2024, 20:11
Марат Әйтенов әйелін үйінен күштеп шығарды (ВИДЕО)
ulysmedia

Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Атешова Әйтенов өзін бірнеше рет зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған. Дана Атешова бұрынғы жұбайы оны және балаларды үйден күштеп шығарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дана Атешова әлеуметтік желіде отбасының үйден шығарылған сәтін бейнелейтін бірқатар бейне жариялады. Кадрларда қатты айқайлаған дауыстар бар.

Әйелдің айтуынша, үй заңды түрде Мусалимов Арсенге рәсімделген, алайда жылжымайтын мүлік Әйтеновке тиесілі. Видеода белгілі бір ер адам Атешованың шашынан сүйреп, оны үйінен күштеп шығарып жібергені көрсетілген. Жапа шегуші бұл адамның Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтенов екенін айтады.

Кейінірек полицейлер жылап жатқан балаларды үйден шығарады. Кішкентай қыздың мұрнынан аққан қан ізі бет-ауызын айғыздап кеткен.

Дана Атешова бұрынғы жұбайын ата-ана құқығынан айыруға ниетті екенін айтты.

Ең өкініштісі, ол полицияның алдында зорлық-зомбылық жасаған. Олардың мені қорғамағаны қатты ренжітті! Мен Әйтеновті ата-ана құқынан айыру туралы өтініш жасағым келеді, - деп жазды ол.

Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің бұрынғы жұбайы Дана Атешова өзінің бұрынғы күйеуінен, яғни Марат Әйтеновтен бұған дейін де бірнеше рет зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеген болатын.

2023 жылдың 17 сәуірінде әйел елордадағы Жоғарғы сотқа қарсы пикет ұйымдастырды. Астана қаласының Есіл аудандық соты әйелді және оның үш баласын көшіру туралы шешім шығарғаны және әкесін заң бойынша алимент төлеуге міндеттелмегені белгілі болды.

Атешова мұндай әділетсіздік бұрынғы күйеуінің ықпалды шенеунікпен қарым-қатынасына байланысты деп болжайды.