×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Бензин бағасы тағы қымбаттай ма?

07.08.2024, 17:46
elorda.info

Еліміздегі жанар-жағармайдың бағасы ТМД бойынша ең арзан деген мәлімет шықты. Ал дүниежүзі бойынша біздегі бензиннің бағасы аса қымбат емес екен. Бұл туралы шетелдік БАҚ ақпаратына сүйенген Ulysmedia.kz хабарлады.

БИЫЛ 2,6 МЫҢ ТОННА ОТЫН ӨНДІРІЛГЕН

Қолда бар мәліметке қарағанда, биыл жыл басынан бері елімізде авиацияға арналған жанар-жағармайды қосқанда 2,6 мың тонна отын өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 пайызға аз өндірілген.

Өңірлерде Шымкент қаласында 919,5 тонна отын өндірілсе, Павлодар облысында 818,5 тонна, Атырау облысында 792,1 тонна отын жанармайға айналған.

Биыл 5,1 тонна авиациялық жанар-жағармай өндірілсе, моторлы жанар-жағармайдың көлемі 2,6 мың тоннаға жетті. Оның ішінде АИ-92 маркалы бензин 2,1 мың тонна, АИ-95 — 442,4 тонна, АИ-98 — 14,9 тонна болды.

МАУСЫМ АЙЫНДА БАҒА ӨСТІ

Атап өтетін бәр нәрсе, бензиннің бағасы биылғы маусым айында 2 пайызға өсті. Мысалы, АИ-98 19,2%-ға, АИ-95/96 — 13,6%-ға, АИ-92 маркалы жанар-жағармайдың бағасы 0,1%-ға көтерілді.

Маусымда  АИ-92 бензинінің бір литрі  202 теңге, АИ-95/96 — 253 теңге, АИ-98 — 292 теңге болды.

Енді өңірдегі бензинің бағасын салыстырып көрсек, биыл Алматы қаласында баға тез өсті. Бұл қалада жанар-жағармай бір жылда 4,1%-ға шарықтады. Батыс Қазақстанда да жағдай осылай. БҚО-да бензиннің бағасы 3,5%-ға, Атырау облысында 3,2%-ға көтерілсе, Қарағанды облысында 3,2%-ға қымбаттады. Жамбыл облысында керісінше, баға небәрі 0,2%-ға өскен. Сол сияқты Қызылорда өңірінде 0,1%-ға, Шымкент қаласында 0,3%-ға көтерілген.

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ АРЗАН ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ БІЗДІҢ ЕЛДЕ

Numbeo агенттігінің хабарлауынша, 1 тамызда елімізде бензиннің бағасы 0,49 АҚШ доллары болған. Осылайша еліміз әлемдегі жанар-жағармайдың бағасы ең арзан 95 елдің ішінде алтыншы орынға шыққан. Ал ТМД елдері арасында еліміздегі бензиннің бағасы тіптен арзан. Мысалы, Ресей мен Әзербайжанда 0,62 доллар болса,  Беларусьте 0,74 доллар. Өзбекстанда бензин біздің елден қымбаттырақ. Бұл мемлекетте жанар-жағармайдың бағасы — 1,01 доллар. Украинда 1,31 доллар болса,  Арменияда — 1,37доллар.

Әлемдегі ең арзан бензин Ливанда сатылады. Бұл елде жанар-жағармайдың бір литрі – 0,03 доллар. Египетте - 0,26 доллар, Алжирде - 0,33 доллар. Ал Гонконгте бензиннің бір литрі 3,11 долларға сатылады. Сингапурде оның бағасы - 2,14 доллар болса, Швейцарияда - 2,11 доллар.

Жақында Энергетика минстрлігі жыл соңына дейін елімізден жанар-жағармай мен дизель отынын сыртқа шығаруға тыйым салуды тағы ұзартуы мүмкін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары