×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Өзбектер жіберген су. Арал теңізі мен шаруаларға қанша су бұйырды?

09.08.2024, 09:50
Өзбектер жіберген су. Арал теңізі мен шаруаларға қанша су бұйырды?
egemen.kz

Өзбекстан суару маусымының соңына дейін Қазақстанға тағы 500 млн текше метр су жібереді, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

1 сәуірден бері Өзбекстан Республикасы елімізге Сырдария өзені арқылы 4 млрд текше метрден астам су жіберген болатын.

Төрт айда Шардара қоймасын толтырды. Одан Қызылқұм каналына 850 млн текше метр су, ал 590 млн текше метр Солтүстік Арал теңізіне жіберілді.

ҚАЗІР ЕЛІМІЗГЕ «ДОСТЫҚ» КАНАЛЫ АРҚЫЛЫ 90 ТЕКШЕ МЕТР СУ КЕЛІП ЖАТЫР

Көршілерімізбен Тоқтоғұл және Бахри-Точик су қоймаларының жұмыс кестесін алдын ала келісудің нәтижесінде «Достық» мемлекетаралық каналының қазақстандық бөлігіне су тұрақты түрде келіп жатыр. Қазір осы канал арқылы елімізге секундына 90 текше метр су келеді.

Бұл Түркістан облысының шаруаларын суармалы сумен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті, - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Еске салсақ, Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты. Жиын қорытындысы бойынша екі мемлекет арасында бірқатар құжатқа қол қойылды.