×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шымкентте жол жөндеуге бөлінген қаржы тағы жымқырылған

09.08.2024, 11:09
Шымкентте жол жөндеуге бөлінген қаржы тағы жымқырылған
gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласында жол жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырған басқарма бухгалтерлерінің сотталғаны туралы мәлімет тараттты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Агенттіктің хабарлауынша, есепшілер жалған бухгалтерлік құжат негізінде үлестес кәсіпорындарға қаражатты заңсыз аударған. Бұл іске аудан әкімдігі де араласқан. Нақтырақ айтсақ, аудан әкімдігі мен басқарма бухгалтерлері бюджеттің 99 миллион теңгесін жымқырған.

ЕСЕПШІНІҢ БІРЕУІ 7 ЖЫЛҒА, ЕКІНШІСІ 8 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Осы үшін айыпталған қос азамат 7 және 8 жылға сотталды. Сонымен бірге олар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Асанова мен Бесбаева жалған бухгалтерлік құжат негізінде үлестес кәсіпорындарға қаражатты заңсыз аударған. Сондай-ақ 2023 жылдың ақпан-желтоқсанында нақты жұмыс істемеген адамдарға жалақыны жүйелі түрде аударып отырған.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласының білім басқармасы мектептерінің бірінде ақша ұрланғанын анықтап, тиісті материалдарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне тапсырған болатын.