×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Көзінде не от жоқ, не намыс жоқ. Олимпиадада Қазақстанға келген легионерлердің бәрі жеңілді

Көзінде не от жоқ, не намыс жоқ. Олимпиадада Қазақстанға келген легионерлердің бәрі жеңілді
prosports.kz

Францияның астанасы Париж қаласында жазғы Олимпиялық ойындар мәресіне жетті. Осы дүрмекті додада Қазақстан атынан қатысқан ресейлік легионерлердің ешқайсысы елге түк пайда әкелген жоқ, деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

ЕШҚАЙСЫСЫ ЖҮЛДЕ ТҰРМАҚ, БЕСТІКТІҢ ЕСІГІН ДЕ СЫҒАЛАҒАН ЖОҚ

Биылғы Олимпиадаға елімізден 79 спортшы қатысты. Олардың арасында басқа елде туып, Қазақстан атынан жарысқа барғандары да бар. Бірақ, олардың ешқайсысы жүлде тұрмақ, алғашқы бестікке де кірген жоқ.

Олимпиялық құрама сапында 11 легионер болды. Олардың көбі Ресейден келген легионерлер болатын. Соның ішінде теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева  дәл Олимпиада басталар алдында жарысқа қатысудан бас тартып,  спортшылардың санын қысқартып жіберді. Путинцева Парижге барып тұрып, жарақат алғанын, Рыбакина Түркиядағы демалысынан кейін бронхит болып ауырып қалғанын айтты.  Ал Александр Бублик пен Александр Шевченко бірінші айналымда-ақ жарыс жолынан шығып кетті.

Тағы бір теннисші Александр Недовесов Александр Бубликпен бірге жұптық бәсекеде кортқа шығып, алғашқы айналымда бразилиялық теннисшілерден жеңіліп қалды. Недовесов Украинада біздің елге келген.

ТАҒЫ БІРЕУІ СЕНА ӨЗЕНІНІҢ ЛАС СУЫН ІШІП, ЕЛГЕ МАЗАҚ БОЛҒАН

Ал Ресейден келген Екатерина Шабалина да Олимпиадамен ерте қоштасты. Ол триатлон сайысы кезінде Сена өзенінің лас суын ішіп, асқазанын ауыртып алды. Сөйтіп, ол жұрттың мазағына ұшырап, артынша дисквалификациямен жарыстан шеттетілді.  

Ескек есу спортында Өзбекстанда туған Тимур Хайдаров каноэде 500 метрге ескек есуден жартылай финалдық кезеңге  шыға алмады. Ол Сергей Емельяновпен бірге жарысқа қатысқан еді.

2013 жылы  елімізге Украинадан көшіп келген Сергей Токарницкий да байдарка есуде жарытпады.

ОЛИМПИАДАДА ОП-ОҢАЙ ЖЕҢІЛЕ САЛАДЫ ЕКЕН

Ресейден көшіп келген еркін күрес балуаны Юсуп Батырмурзаев та күресті қатырған жоқ. Оған жақында Олимпиада лицензиясын алғаны  үшін Ақтөбеден пәтер, көлік кілті табыс етілген еді. Бірақ ол Польша өкілі Робер Бараннан жеңіліп қалды. Көзінде от, бойында жеңіске деген жігері жоқ балуан қарысласынан оп-оңай жеңіле қалды.  

Жеңіл атлетикада Кениядан келген легионерлер басқа елдердің желаяқтарының шаңы астында қалып қойды. 10 шақырымға жүгіруден Дэйзи Джепкемей мәреге 17-ші болып келсе, 2022 жылы жеңіл атлетикадан Қазақстан атынан тұңғыш әлем чемпионы атанған Нора Джеруто да 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финалда тоғызыншы болып әупірімдеп жетті.

Тағы дла еске сала кетсек, биылғы Олимпиадада Қазақстан спортшылары 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальді иеленіп, жалпыкомандалық есепте жарыста 43-орынмен аяқтады.