×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Белсенділер онлайн-несиеге тыйым салу үшін петицияға қол жинап жатыр

Белсенділер онлайн-несиеге тыйым салу үшін петицияға қол жинап жатыр
orda.kz

Электронды петициялар сайтында онлайн-несиеге тыйым салу туралы ұсыныс-хат келіп түсті, деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

Петицияға лудомания мен нашақорлыққа қарсы күреспен айналысатын «Хақ-Назар» қоғамдық қорының қызметкерлері қол қойған. Қор ұсыныс-хатты Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолдап отыр.

Қазіргі кезде онлайн-несиеге  әлеуметтік тұрмысы нашар адамдар да ұрынып жатыр. Бұл түптеп келгенде жақсы нәрсе емес. Халық банкке басы байлы тәуелді болып, жағдайын одан сайын қиындатып отыр, - делінген петицияда.

ПЕТИЦИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ ҚОРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҒАНА ҚОЛ ҚОЙЫП ЖАТЫР

Осы ретте қоғам белсенділері онлайн-несие алған адамның қиын жағдайға түсетінін, кейбір жағдайда өміріне қауіп төнетінін де ашып айтты.  Сол себепті қоғамдық алдағы уақытта оңай жолмен берілетін кредиттерге мүлдем тыйым салу керектігін ескертті.

Кейбір отбасында ер адамдар әйелдерінің атынан несие алып жатады. Оны өмірдің өзі көрсетіп отыр. Лудомандар да онлай-несиеге құмар келеді. Олар да достары мен туған-туыстарын алдап, несие алады, - деді қоғам қызметкерлері.

Сонымен бірге петицияның авторлары шағын несиеге бақылауды күшейтуді ұсынды.

Жақында ескі уақытты қайтару жөніндегі петиция да жарияланған болатын. Осыған байланысты таяуда шешім шыққанымен, мәселе Парламентте қайта көтерілетін болатыны хабарланды.