×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жыл сайын қауын мен қарбызды егу азайып барады

Жыл сайын қауын мен қарбызды егу азайып барады
ken-zhyloi.kz

Соңғы уақытта елімізде бау-бақша егу азайып келеді. Мысалы, биыл бау-бақша егу былтырғы жылға қарағанда 8,9 пайызға азайған, деп хабарлады  Ulysmedia.kz. Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

ҚАУЫН МЕН ҚАРБЫЗ 98,1 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЕГІЛГЕН

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, биыл қарбыз бен қауын 98,1 мың га жерге егілген. Оларды көбін шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер еккен. Пайызға шаққанда фермерлер мен жеке кәсіп иелері қауын-қарбыз егілген жерді 82 пайызына жеміс-жидектің осы түрлерін егіп, содан пайда тапқан.

Мысалы, Түркістан облысында жемісті егу үшін 73,8 мың га жер телімі пайдаланылған.  Бірақ фермерлер мен бизнес өкілдері небәрі 17,9 мың гектарға қауын-қарбыз егуді жөн көрген.

Облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлағандай, шаруа қожалықтары қауын-қарбызды егуден гөрі, мақта егумен, күнбағысты өсірумен айналысқысы келген.

ЖЕМІСТІҢ 99 ПАЙЫЗЫ ЕЛДЕ ҚАЛЫП ОТЫР

Енді биылғы қауын-қарбыздың еліміздің түкпір-түкпіріне жете ме деген сауалға келсек, Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, былтырғы өнім ел-елге, жер-жерге оп-оңай жеткізіліп, халықтың көңілінен шыққан. Биылғы өнім де солай, барлық жерге тиімді бағамен сатылып жатыр.

Қауын-қарбыздың 99 пайызы ішкі нарықта сатылып жатыр. Ал шетелге небәрі өнімнің 1,6 пайызы ғана сатылады. Мысалы, былтыр Қазақстан сыртқа 31,9 мың тонн жемістің осы түрлерін сатты. Оның көбін Ресей мен Беларусь сатып алды, - делінген хабарламада.

ҚАЗАҚСТАН ШЕТЕЛГЕ ҚАРБЫЗДЫ САТУДЫ ШЫНДАП ҚОЛҒА АЛАДЫ

Қазір қауын мен қарбыздың бағасы да елге қол жетімді. Қауынның орташа бағасы бір келісіне маусым айында 456 теңге болса, тамыз айында ол 346 теңгеден бастап сатылып жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан шетелге қарбыз сату көлемін көбейтті. 

Биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында қарбыз экспорты өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе артып, 278,7 мың тоннаға жетті.

Оның барлығы дерлік Ресейге жөнелтілді. Ресейге 239,8 тонна (+2,3 есе) қарбыз сатылды. Сондай-ақ қарбыздар Тәжікстанға да жіберілген. Тәжік еліне 38,9 тонна қарбыз кеткен.

Ал былтырғы жылмен салыстырғанда шетелге 74,1 тонна қауын сатылған.