×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарасора: 15 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қарасора: 15 тоннадан астам есірткі тәркіленді
ortcom.kz

Елімізде маусым айының басынан бері басталған «Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 15 тоннадан астам есірткі тәркіленді, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кең ауқымды операцияның негізгі мақсаты – құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірумен, сақтаумен және тасымалдаумен айналысатын адамдарды анықтау.

КҮЗГЕ ТАМАН ЕСІРТКІ ӨСІП, ЖЕТІЛГЕНДЕ ОНЫ ЗАҢСЫЗ ЖИНАУ КӨБЕЙЕДІ

Тамыз-қыркүйек айларында есірткіні заңсыз жинау және дайындау көбейеді. Себебі бұл кезде есірткі өсімдіктері өсіп жетіледі. Сондықтан операцияның ең белсенді кезеңі басталды.

Жедел топтар осындай өсімдіктер өсірілетін аймақтарға мониторинг жүргізіп, арнайы рейдтік іс-шаралар өткізеді, – деп хабарлады ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.

Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында тікұшақ техникасы, пилотсыз ұшу аппараттары қолданылады, «Бүркіт» жауынгерлері жұмылдырылады. Әуе арқылы барлау жүргізіледі.

ҚАРАСОРА ҚАПТАП КЕТТІ

Алматы және Жетісу облыстарының аумағында 20 реттен астам тікұшақ арқылы барлау жүргізілді. Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда, Ұлытау облыстарының аумақтары да әуе арқылы тексерілді.

Ұшу нәтижесінде жалпы салмағы 1,2 тонна болатын 9 мыңнан астам қарасора бұтасы және салмағы 250 кг көкнәр өсімдігінің 4 мыңға жуық бұтасы тәркіленді.

Қылмыс орнында 14 есірткі дайындаушы ұсталды, оның ішінде біреуі іздеуде жүрген. Операция кезінде 450 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде есірткіні 106 рет сату фактісі, 77 аса ірі мөлшерде сақтау фактісі, 43 контрабанда және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 102 фактісі тіркелді. Тек «Қарасора – 2024» операциясы кезінде заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 1,3 тонна марихуана мен 29 кг гашиш.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ

Алматы облысы Балқаш көлі маңында 7 есірткіні дайындаған  адамдар тобы ұсталды. Оларда 5 мыңнан астам қарасора бұталары бар ірі есірткі плантациясы табылды.

Негізгі күдікті құрамында есірткі бар өсімдіктерді егуге ұзақ дайындалғанын айтып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Көздегеніне жету үшін ол өз үйін сатып, түскен қаражатқа қажетті жабдықтар мен өсімдік тұқымдарын сатып алған. Бұл үшін ол 10 млн теңгеден астам ақша жұмсаған. Сондай-ақ маусымдық жұмысқа сыбайластарын шақырған. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Олар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – делінген ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің хабарламасында.

Осы тақырыпқа қатысты айтатын тағы бір нәрсе, енді есірткі жасаған адам өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін. Қазір Парламент Мәжілісінде адамға есірткі жасағаны үшін жазаны заң жобасы қаралып жатыр.