×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Атырауда тұрғындарды тонаған күдіктілер қолға түсті (ВИДЕО)

polisia.kz

Атырауда полиция тұрғындарды тонаған 3 күдіктіні ұстады,  деп хабарлады  Ulysmedia.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері екі рет жергілікті тұрғындарды тонаған  күдіктілерді анықтады.

ЕКІ ЖАС ЖІГІТ ЖӘБІРЛЕНУШІГЕ ЖҰДЫРЫҚ ЖҰМСАҒАН

23 және 18 жастағы күдіктілер Атыраудағы мейманханалардың бірінде 39 жастағы азаматқа жұдырық жұмсап, оның бағалы алтын жүзігі мен қолсағатын және 1 млн 200 мың теңге ақшасын алып кеткен. анықталып ұсталды.

Сондай-ақ 45 және 42 жастағы тұрғындардың телефондарын жымқырған 36 жастағы күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды.

Қазір күдіктілерге қатысты тонау дерегімен тергеу амалдары жүргізілуде. 

Тонау қылмысы үшін күдіктіге 3 жылдан 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жақында Астанада танысының үйінен ақша ұрлаған әйел ұсталып, ол да қамауға алынды. Полицейлер анықтағандай, ол жаңа танысының үйіне ұрлыққа түсіп, сөмке мен Infinix телефонын алып, ізін суытқан.