×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

«Әбден шаршадым!». Ақмолалық полицей Тоқаевтан пәтер сұрады

«Әбден шаршадым!». Ақмолалық полицей Тоқаевтан пәтер сұрады
Фото: видеодан скрин

Балалар үйінде өскен Геннадий Вездецкий есімді полицей президент Тоқаевтан пәтер алуға көмек беруін сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергілікті шенеуніктерден әділдік таппаған

Полиция қызметкерінің бейнеүндеуі әлеуметтік желіде жарияланды.

Құрметті президент Қасым-Жомарт Кемелұлы. Ата-анам жол апатынан қаза тапқан соң, мен інілеріммен бірге балалар үйінде өстім. Әлі күнге дейін пәтер кезегінде тұрмын. Қазір Макинск қаласы Бұланды ауданының кіші жедел уәкілі болып жұмыс істеймін. Пәтер кезегін күтіп әбден шаршадым. Әкімдікке де бардым, олар «күтіңдер, күтіңдер» деп шығарып салады. Осымен он үш жыл кезекте тұрмын, әлі ешкімнен көмек жоқ. Менің мәселемнің шешілуіне жәрдемдесуді өтінемін. Інімді де баспана кезегінен шығарып тастаған, себебін сұрасақ, ештеңе айпайды, - дейді шарасыз күйге тап болған ол.

Облыс әкімінен де көмек күтеді

Сондай-ақ Геннадий Вездецкий Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа да қайырылып, көмек көрсетуді сұраған.