×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Енді мектеп директоры бір орында 7 жылдан артық отырмайды

22.11.2021, 15:18
Енді мектеп директоры бір орында 7 жылдан артық отырмайды
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Енді мектеп пен балабақша немесе колледж директоры бір орында 7 жылдан артық отырмайды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау қағидалары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Осылайша, білім беру жүйесінде мектеп, колледж және балабақша директорларын ротациялау институты пайда болып отыр.

«Білім беру саласында он мыңнан астам мемлекеттік ұйым бар. Көптеген басшылар, мерзімсіз еңбек келісімшарттарын жасасқан. Осыған байланысты бір ұйымда 10-15 жыл және одан да көп жұмыс істейтіндер аз емес. Әрине, олардың арасында өз жұмысын жақсы білетін және мектеп, колледж, мектепке дейінгі немесе қосымша білім беру ұйымдарының дамуына елеулі үлес қосатын басшылар бар. Дегенмен, 10-15 жыл бойы бір орында отырып, өздерінің бастамашылдығы мен дамуға деген ынтасын жоғалтатын мектеп директорлары да бар. Егер басшы ұзақ жылдар бойы бір білім беру ұйымын басқарса, бұл мотивацияның төмендеуіне, жұмыс барысында жаңа тәсілдердің болмауына әкелуі мүмкін», – деп санайды сала басшысы.

Осылайша бір білім беру ұйымында 4 немесе 7 жылдан астам жұмыс істеген басшылар ротацияланбақ. Бұл ретте, осы білім беру ұйымында лауазымға тағайындалған күннен бастап 4 (төрт) жыл жұмыс атқарған бірінші басшы ротациядан өтініші негізінде босатылып, тиісінше қолданыстағы еңбек шарты шеңберінде өз жұмысын жалғастыра алады. Алайда, егер басшы аталған ұйымда 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ротацияланады. Осылайша, бір білім беру ұйымына жетекшілік ету мерзімі 7 жылдан аспауы тиіс.