×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Талдықорғанда облыстық аурухана дәрігерлеріне жалақы берілмей, балаларын сабаққа жібере алмаған

Талдықорғанда облыстық аурухана дәрігерлеріне жалақы берілмей, балаларын сабаққа жібере алмаған
Фото: ашық дереккөз

Жетісу облысы Талдықорған қаласының дәрігерлері жалақыларын ала алмай, балаларын мектепке жібермеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова өзініңTikTok желісіндегі парақшасында айтты.

Оның айтуынша, журналиске Талдықорғандағы 10-сынып оқушысы анасының жалақы ала алмай жүргенін, әкесінің тастап кеткенін жеткізген.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпқызына өтініш білдіргім келеді. Менің атым Сандуғаш, Талдықорған қаласында тұрамын. Қоғам белсендісімін, журналиспін. Шынымды айтсам, мен сізбен байланысқым келмейді. Тек бүгін телефоныма келген хабарламаны оқып бергім келеді. Маған 10-сынып оқушысы жазды. Оның  мектебін атамай-ақ қояйын. Мен мынадай мектепте оқимын, анам облыстық ауруханада жұмыс істейді. Олар әлі жалақыларын алған жоқ. Біз киінбедік, мектепке дайын емеспіз. Үш күннен кейін болатын алғашқы қоңырауға, 1 қыркүйекке  мүлдем дайын емеспіз. Әкем бізді тастап кетті, ал анам бізді бір өзі тәрбиелеп отыр. Менен бөлек 1-сыныпқа баратын сіңілім бар" деп жазған. Сіз елестетіп көріңізші. Міне, бүгін тамыздың 27-сі, – деп жазды қоғам белсендісі.

Сондай-ақ ол министрге үндеу жасап, реформа кесірінен қарапайым халық қиналып жатқанын айтты.

Осы уақытқа дейін Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың дәрігерлері ғана емес, бүкіл медицина қызметкерлері де жалақы алмаған. Сіз не ойлап жүрсіз? Астанада отырып, Талдықорған немесе Ақтөбе секілді өңірлердің қарапайым тұрғындарына мән бермейтін шығарсыз? Білмеймін. Сіздің реформаңыздың кесірінен қарапайым халық қиналып жатыр. Мұның салдарынан балалар зардап шегеді, – деді Сандуғаш Дүйсенова.