×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Әкімдік терезеден секірген әйелдің көмек сұрағанын жоққа шығарды

23.11.2021, 17:44
Фото: Ulysmedia.kz

Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы анасы балаларымен бірге терезеден секіріп кеткен отбасының қандай да бір көмек сұрап жүгінгенін жоққа шығарды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Аталған отбасы Алматы әлеуметтік әл-ауқат басқармасына да, Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына да қандай да бір әлеуметтік көмек түрі бойынша жүгінбеді. Сонымен қатар, отбасы мүгешелері қалада тіркелмеген», – дейді құзырлы орын өкілдері.

Ал Алматыда тіркелген және тұратын мұқтаж шаңырақтарға, егер отбасының әр мүшесіне шаққанда табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан (29 862 теңге) аспаса, атаулы әлеуметтік көмек беріледі.

Бұған дейін отбасынан айырылған Нұрсұлтан Оразов өзі жұмыссыз жүргенін, марқұм әйелінің қайда барса да, еш көмек алмағанын айтқан болатын.

Марқұмдарды жерлеу ертең Шымкентте өтпек. Алматы полициясы аталған трагедияның алдын ала себебі ретінде отбасылық-тұрмыстық жанжалды атауда. Кейінірек әйелдің жазып кеткен хат мәтінін жарияладық.

Серіктес жаңалықтары