×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

СҚО-да немересі атасының қолынан қаза тапты

Бүгін, 16:49
ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында квадроцикл аударылып, салдарынан төрт жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

Қайғылы оқиға 19 қыркүйек сағат 10.30 шамасында Аққайың ауданында болған. 56 жастағы ер адам өз үйінің ауласында немересі екеуі отырған «POLARIS» маркалы квадроциклді басқара алмай, аударылып қалған.

Онда отырған 4 жасар бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Квадроциклдің жүргізушісі де орталық ауруханаға жатқызылды, - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.