×
488.11
530.09
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.11
530.09
5.01

Қымбатшылық. Жыл басынан бері азық-түлік қанша қымбаттады

11.10.2024, 15:01
Қымбатшылық. Жыл басынан бері азық-түлік қанша қымбаттады
ашық дереккөз

Қазақстанда жыл басынан бері азық-түліктің кей түрлері айтарлықтай қымбаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

2024 жылдың тоғыз айында еліміз бойынша азық-түлік тауарларының бағасы орташа есеппен 2,9%-ға көтерілді, – делінген ақпаратта.

2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте нан 6,2%-ға қымбаттады. Оның ішінде қара бидай наны – 8,4%, жоғары сұрыпты бидай наны – 6,4%, бірінші сұрыпты бидай наны – 5,4% қымбаттаған.

Өткен тоғыз айда сүт өнімдерінің бағасы 4,3%-ға өсті. Жас ірімшік бағасының өсуі 6%, ашытылған сүт өнімдері – 4,8%, ірімшік пен сүзбе – 2,7% қымбаттады.

Ет және ет өнімдерінің бағасы жыл басынан бері 2,6% өсті. Құс еті – 4,7%-ға, шұжық өнімдері – 4,1%-ға, ет өнімдері – 2,6%-ға, шошқа еті – 2%-ға, сиыр еті – 1,9%-ға, жылқы еті – 1,2%-ға қымбаттаған.