×
$
453.87
€
508.33
₽
5.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.87
€
508.33
₽
5.65

Қазақстанда қазан айында не арзандады

Бүгін, 14:11
Қазақстанда қазан айында не арзандады
Ulysmedia коллажы

2026 жылғы қазанда Қазақстандағы жылдық инфляция 9,2% болды. Қыркүйекте бұл көрсеткіш 9,3% болған еді. Бір айда баға 0,5% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда ең көп қымбаттағаны – азық-түлікке жатпайтын тауарлар. Олардың бағасы 10,4% өсті. Ақылы қызметтер 10,3%, азық-түлік тауарлары 7,6% қымбаттады.

Бір айда не арзандады

Қазан айында ең көп арзандаған тауарлар қатарында жүзім (10%), басты пияз (9,8%) және қант (9,5%) бар. Түсті қырыққабаттың бағасы 9%, алма 6,2%-ға, брокколи 4,6% төмендеді.

Сондай-ақ қой еті, жасымық пен бидай жармасы аздап арзандады.

Басқа тауарлардың арасында блендерлердің бағасы 6,7%, модемдер мен роутерлер 4,2%, микротолқынды пештер 2,4% төмендеді.

Бір жылда не арзандады

Бір жыл ішінде ең көп арзандаған тауар – қияр. Оның бағасы 34,4% төмендеді. Банан 12,4%, лимон 11,1%, сарымсақ 10,2% арзандады.

Қазақстанда құрастырылған жеңіл автокөліктердің бағасы 17,3% төмендеді. Электр бұрғылары мен бұрауыштар 10,5%, электр еттартқыштар 3,9% арзандады.

Контекст

Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктерге азық-түлік бағасы туралы апта сайын есеп беруді тапсырған еді. Сауда министрлігі жергілікті билікпен бірге дүкендердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті үстеме бағаны асырмауын бақылайды.