×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Кіші Талдыкөлдегі сенбілік шағын шоуға айналды

18.09.2021, 17:20
Кіші Талдыкөлдегі сенбілік шағын шоуға айналды
фото: ulysmedia.kz

Сенбі, 18 қыркүйек күні елорда тұрғындары «Көлді құшақта» атты флешмоб ұйымдастырды. Қатысушылар жағалау аумағын қоқыстан тазарту үшін көл маңында жиналды. Бірақ осы жолы әдеттегі сенбілік шағын шоуға айналды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қалалықтар мен белсенділер көлді сақтап қалуға қатысты ұзақ уақыт бойы бір-біріне қарсыласып келеді. Волонтерлер және бұл жайтқа бейжай қарамайтын азаматтар осы проблемаға республикалық биліктің назарын аударта алды. Бұл жолы баршаға ерекше флешмобтарымен танымал Юрий Толочко қызғылт қоқиқаз болып киініп келді. Ол осылайша табиғатты қорғауға, Кіші Талдыкөлді құрылыс үшін құрғатудан сақтауға​​​​ шақырды.

Кіші Талдыкөлдегі «Көлді құшақта» атты сенбілікті волонтерлер мен экобелсенділер ойлап тапқан. Олар осылайша қоршаған ортаны қорғап қана қоймай, экологиялық сананы жақсы жаққа өзгертпек. Қалалықтар Кіші Талдыкөл жағасын пластик және басқа да тұрмыстық қоқыстан тазарту үшін жиналды. Акция басталмас бұрын тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау үйретілді. Сенбілік бірден үш учаскеде өтті. Сенбілікке қатысу үшін арнайы форма толтырып, тіркелу керек болды. Барлық қатысушы карантин мен шектеу шараларын (бетперде және «перчатки» кию) міндетті түрде сақтау туралы ескертілді.

Бұған дейін аққу кейпіндегі аналар Кіші Талдыкөлді құрғатуға қарсы шыққан болатын. Басқа белсенділер де көлді құрғатуға қарсылық білдіріп жатыр.

Астанада «Жағалау» шағын ауданындағы Кіші Талдыкөлге құм төгіліп, арнасы кішірейтіліп жатыр. Қала тұрғындары бұл жерді аққулар мекені деп атайды. Өйткені көлде үнемі аққулар жүзіп жүреді. Сондықтан олар шағын көлді сақтап қалуды ойлайды. Алайда бұл жерде қазір құрылыс жұмыстары басталғалы жатыр. Белсенділер президенттен көмек сұрайды. Маусымдық миграция кезінде көлге 200-ге тарта құстың түрі келеді. Көл маңайындағы жерде өсімдіктің 100-ге жуық түрі өседі. Жақында көлді қоқиқаздар да мекендей бастады.

Кіші Талдыкөл дауына қатысты әкімдік те ақталған еді.