×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Архимед Мұхамбетов бір жылда қанша табыс тапқанын айтты

03.12.2021, 13:26
Коллаж: ulysmedia.kz.

«Әкімге үш сұрақ» айдарын осы аптада Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов түйіндейді. Әкім айлығын атамаса да, бір жылда қанша табыс табатынын, көлігі қандай екенін айтып, карантин ахуалы дұрысталса, тілшілермен кездесуге қарсы емес екенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАҚ-ПЕН БАЙЛАНЫС ҮЗІЛГЕН ЖОҚ

«Менің жұмысымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге ала отырып жұртшылықпен байланыс, оның ішінде БАҚ-пен тығыз қарым-қатынас орнаған. Бірақ, өкінішке қарай, карантиндік шектеулерге байланысты екі жылға жуық тілшілермен тілдесу, еркін сұхбат құру мүмкін болмады. Десек те, олармен байланыс үзілген жоқ», - дейді Архимед Мұхамбетов Ulysmedia.kz порталына жолдаған сауалында.

Әкімнің «Инстаграм» желісіндегі жеке парақшасы бұқаралық ақпарат құралдарымен кері байланыс орнататын негізі құрал ретінде жұмыс істейді екен. Мұхамбетов барлық жұмыс сапарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қатысатынн, ол туралы өз парақшасында да жариялап отыратынын айтады.

«Бұдан бөлек, Zoom алаңында тілшілермен тілдесудің мүмкіндігі туды. Егер карантиндік ахуал дұрысталса, тілшілермен тікелей кездесіп, сөйлесуге қарсы еместігімді атап өткім келеді. Осы жылдың басында облыстық QOSTANAI телеарнасында халыққа есеп беру кездесуім өтті. Әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізілді. Орталық коммуникациялық қызметінде бір рет сұхбат берілді. Оған тілшілер онлайн форматында қатысып, өз сұрақтарын қойды. Осы жылдың желтоқсан айында Орталық коммуникациялық қызметінде тағы бір сұхбат жоспарланып отыр. Сондай-ақ апта сайын өңірлік журналистердің қатысуымен аппаратық жиналыс өтеді. «Ашық үкімет» порталындағы блог-платформа арқылы да кері байланыс орнатылған», - дейді әкім.

АЙЛЫҒЫ МЕН КӨЛІГІ ЖАЙЛЫ

«Қызметтік сапарлар үшін 2014 жылғы шығарылған Lexus 570 маркалы автокөлік пайдаланылады. Жалақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік саяси қызметшілерге жалақы есептеу туралы қаулысына сәйкес есептеледі. Өткен жылғы жылдық табысым 17 345 647 теңгені құрады», - дейді әкім.

Серіктес жаңалықтары