Әлемнің кез-келген жоғары оқу орнында білім алу құқығын иеленген вундеркинд Ақназар Қажымұраттың дүниеден өткеніне қырық күн болып отыр деп хабарлайды Ulysmedia.
«Бүгін Ақназардың кеткеніне 40 күн болды. Маған онымен таныс болу бақыты бұйырды. Ұзаққа созылмаса да, оны командамен бірге оқытудың, алғашқы олимпиадаларының бірі – 2015 жылғы IMC олимпиадасына апарудың сәті түсті. Ғылымдағы басқа да таңғажайып жетістіктері, өзі бірден бас тартқан Американың азаматтығы ұсынылғаны, 2000 жылдан кейінгі алғашқы Азия алтынындағы таңғажайып жеңістері, Қытайда бағындырған белестері туралы білмедім. Америкадағы жеңістері жайлы. Бүкіл тарихта біздің елден бірде-біреу жасамаған жеңістері. Жалпы көп нәрсе туралы», – деп жазды желі қолданушысы Асан Жолдасов.
Оқи отырыңыз: Гарвард деканы марқұм Ақназар Қажымұрат жайлы хат жариялады
Оқи отырыңыз: Қазақстанда вундеркиндтер неге қыршын кетеді
Жазба иесі мұндай дарындар туралы БАҚ бетінде аз жазылатынына, жетістіктерге ынталандыратын фильмдер түсіндірілмейтініне өкініш білдірді.
Алматыда 20 жасында өмірмен қош айтысқан Гарвард студенті Ақназар Қажымұрат 2018 жылы 12-сынып оқып жүрген кезінде ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтихандарында рекорд орнатып, 36 -дан 36 және 2400-ден 2400 балл жинаған.