×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қажымұқанның 150 жылдығына коллекциялық монета шығарылды

21.12.2021, 10:20
Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады. 2021 жылы қазақ балуаны және цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толады.

Монета бетінің (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазу жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар.

Монетаның екінші бетінде (реверсінде) Қажымұқан Мұңайтпасұлының суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін 150 JYL деген жазу, оң жағында күрес өнерінің фрагменті мен монетаның шыққан жылын білдіретін «2021» деген жазу, сол жағына қарай монетаны айналдыра QAJYMUQAN MUŃAITPASULY деген жазу орналасқан.

Коллекциялық монета МН25 мельхиор құймасынан, салмағы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы – 15 000 дана болып дайындалды. Монета коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар Қазақстан Республикасының аумағында барлық төлем түрінде номиналды құны бойынша қабылдауға жатады, сондай-ақ монеталарды банк шоттарына салып, аударым жасауға, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде айырбастап, ұсақтауға болады.

Коллекциялық монета Қазақстанның теңге сарайында жасалған.

Серіктес жаңалықтары